Тәуекел Мүсілім Жанар Дұғаловaмен арадағы қарым-қатынасы жайлы ашық айтты
Соңғы уақытта Тәуекел Мүсілім мен Жанар Дұғалованың бірге жүрген видеолары мен фотоларын көрген көпшілік оларды жұптастырып үлгерген болатын. Алайда өнер иелері бұл қауесетті жоққа шығарып, мәлімдеме жасады деп хабарлайды «НТК».
Тәуекел Мүслім тараған ақпараттың барлығы сусабын жарнамасына байланысты түсірілімнен тарағанын айтты.
«Жұрт қызықсын деп, бастапқыда үндемедік. Жанар екеуіміз кездесіп жатырмыз деген қауесет тараттық. Адамдар сұрай бастады «Екеуің үйленіп алғансыңдар ма?» деп. Енді жауап беретін уақыт жетті», - дейді актер.Жанар Дұғалованың оқырмандары да әншіге маза бермепті.
«Әрине көптеген смстер келді маған. Көбінесе сұрақтар қойылды. «Бірге жүресіздер ме?», «Тәуекелге тұрмысқа шығайын деп жатырсыз ба?» деп қыздар сұрады», - дейді әнші.
Жарнаманың көрсетілімі болғандықтан, жұлдыздар елді мазалаған сұрақтарға осылайша жауап берді.