Тауқыметі мол тағдыр

Тауқыметі мол тағдыр

Халық артисі Кененбай Қожабеков туралы қазір көп айтыла бермейді. Тек, бұрынғы фильмдерден жылы жүзін көргенде, тума таланттың мейірлі жүзіне, шыншыл да шынайы шеберлігіне тәнті болмай тұра алмайсыз. Әсіресе, «Менің атым – Қожа» фильміндегі Рахманов ағай бейнесі әр қазақтың көкірегінен өшпестей орын алған. Сабырлылық пен жылылықтың қапысыз үйлесімі өзіне тарта түседі. Театртанушы Айгүл Қадырәлиеваның К.Қожабеков туралы шағын мақаласын ұсынып отырмыз.
«Кейде маған жеке басының болмашы сәтсіздіктеріне налып, шаладай бықсып жүретін біреулер келеді. Ондайлардың мына өмірден түңіліп, баз кешіп кеткісі бар. Сонда мен ойлаймын: егер менде оның денсаулығы, мына кең дүниеде алшаңдап басып жүретін мүмкіндігім болса не істер едім? Мен жаспын, бойым тіп-тік, аяқ қолым балғадай, үстіме киімдерімді киіп алып жәй жүрмес едім, мен оқша зымырар едім, ешкім тоқтата алмас еді. Мүмкін Москваға қарай құстай ұшқан поездың тұтқасынан ұстап, жүгірген болар ма едім. Москваға тіке кочегаркаға кірер едім де пештің көмейіне тойғанынша көмірден асатар едім. Мен әбден құмарым қанғанша жұмыстан кетпес едім…» дейді, он екі мүшең тірлікке жарап тұрғанның өзі зор бақыт деп ұққан Халық артисі Кененбай Қожабеков. Ол опасыздыққа тап болып, темір арбаға отыз жылдай танылғандығынан емес, сау бола тұра еңбекке қажеттілікті сезінбеген, жалқаулыққа, енжарлыққа оңай беріле салатын жастардың мекен-жайына қарай айтылған орынды ойы еді.
Иә, орда бұзар жасында М.Әуезов театрына ауысып Шоқанды, Хлестаковты, Гамлетті, Ибсеннің кейіпкерлерін кескіндеуге іштей дайындалып жүргенде, қатал тағдыр оны өмірінің соңына дейін сын тезіне алды. Шығармашылық шабыты енді қызыл оттай шарпитын шағында – жүйелі жоспарларының күлін көкке ұшырды. Жан-дүниесін төңкеріп астан-кестенін шығарды. Кісенделген нәпсісін шыңғыртты. Небәрі 31 жасында темірге тәуелді етіп қойған қасіретті де қасиетті тағдырына Кененбай амалсыз көндікті. Темір тұғырының ебедейсіз үлкен дөңгелек аяқтарын қолдарымен алға қарай итеріп жүретін арбаның үстінде бар асыл армандары «арман» күйінде қалса да, пессимизмге орын бермеді. Ол тоқтап қалған жоқ. Ілгерілеудің сан иірімдерін, жанына жұбаныш болатын сан тарам жолдарын қарастырды. Оны тапты да.
Кененбайды сахнадан Алдардың кейпінде талай көрген Ш. Айманов «көркем фильмдегі Алдар көсенің рөлін сен ойнауың керек еді» дегенде, Қожабековтың егіліп жылап жібергені бар еді…
«Нағыз сен ойнайтын рөлдер еді» дегенді жиі еститін Кененбай атамыз сол мезетте көз-жасына ерік бергенімен, одан тез айығып, «талант» ретінде шынайы бағалап жатқандарына көңілі марқайып қалатын. Ол қамықпады. Адамдардың жылуы, мейірімі, ықыласы оны үнемі қанаттандырып отырды. Қайғы жұтқызып қоюға өнердегі жанашыр достары жол бермеді. Кейін, қиындықты жеңгеннен артық қуаныштың жоқ екенін өзі де терең түсінді.
Дарынды актер К.Қожабеков «Аласталған Алитеттегі» Аэ, «Біз жетісуданбыздағы» Нартай, «Шабандоз қыздағы» Айдар, «Менің атым Қожадағы» Рахманов, «Жаушыдағы» Манай, «Қасқырлар апанындағы» Бабахан, «Қыз Жібектегі» Сырлыбай т.б. бас-аяғы 25 фильмдерге түсіпті. Бұл кез- келген актердің маңдайына жазыла беретін несібе емес.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста