Театр саласының «Жыл үздіктері» анықталды

Театр саласының «Жыл үздіктері» анықталды

Табиғат маусымына ғана емес, дәл қазір еліміздің театр саласына да көктем келген сыңай­­лы. М.Әуезов атындағы әкемтеатрда «Театр көктемі» фес­тивалі өз мәресіне жетіп жат­са, күні кеше Ғ.Мүсірепов атын­­дағы Қазақ мемлекеттік ака­демиялық балалар мен жасөспірімдер теат­рын­­да 2012 жыл­дың «Жыл үздік­терін» ма­рапат­­тау рәсімі болып өтті. Оны ұйымдастырушы аталған театр және Алматы қалалық театр кеңесі. Директоры – Есмұқан Обаев.
Алматы қаласындағы барлық театр басшыларымен қатар, Камал Ормантаев, Төрегелді Шарманов және Әбдіжәміл Нұр­пейісов сынды үш абыз арнайы келген бұл марапаттауда сонымен кімдер үздік атан­ды?
1.Қазақтың мемлекеттік М.Әуез­ов атындағы академиялық дра­ма театрынан – актриса Ләззат Қалдыбеко­ва мен соңғы жылдарда «Ағайындылар», «Лик­видатор» сынды кинолар арқылы мил­лиондаған көрерменге танылып үл­герген белгілі киноактер Берік Айтжанов;
2.М.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрынан – актриса Ирина Лебсак пен актер М.Токарев;
3.Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мем­ле­кеттік академиялық балалар мен жасөс­пі­рімдер театрынан – ҚР еңбек сіңірген әртісі Лидия Кәденова және жас актер Мерей Әжібеков;
4.Алматы қаласындағы Ко­рей музыкалық комедия театрынан – актриса Нина Дюк және Антонина Пак;
5.Республикалық неміс драма театры­нан – актриса Лариса Фадеева және Илья Садыковтар марапатталды.
Сондай-ақ бұл марапаттауда Алматы қаласындағы мемлекеттік ойыншықтар театрының да әртістері тыс қалған жоқ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста