Театр туралы арнайы заң қажет

Театр туралы арнайы заң қажет

Театр өнері туралы арнайы заң қабыл­данатын уақыт жеткені ел зиялылары тарапынан талайдан бері айтылып жүрген. «Бүгінгі Қазақстан­ның театры: театр қызметінің қазіргі жағдайы және оны заңнамалық тұрғы­дан жетілдірудің перспективалары» Мәжілістің Әлеу­меттік-мәдени даму комитетінде талқы­ланған тақырып болды.
«Театр тірі организм» қағидасына сүйенетін кейбір сарапшылар қазіргі қа­­зақстандық театрлардың фоль­кло­р­­лық шығармаларды сах­на­лау­дан әріге аса алмай жүргенін, ел теат­р­ларының қа­зіргі кәсіби за­ма­науи театр­лар фор­ма­сына көше ал­май келе жат­қанын, жас жазу­шы­лар­дың сахналық пьеса жазуға құ­­­лық­ты емес екенін, аймақтық театр­лар тыныс-тіршілігінің на­зар­дан тыс қалып бара жатқанын жиі сөз етіп жүр. Театр қайраткерлері мен парламент депутаттары осын­дай өзек­ті делінген мәселелерді ортаға са­лып, театр өнері туралы ар­найы заң қажет­тігіне тоқтады. Де­путат, «Нұр Отан» ХДП фрак­ция­сы­ның мү­ше­сі Гүлмира Исимбаева БАҚ өкіл­деріне ол заңның шең­берінде «театр деген не?» дегеннен бас­тап, осы өнер шаңырағының қыз­метіне бай­ланысты барлық мәселелердің құ­қық­тық-заңна­малық реттеу нор­ма­лары қарас­ты­рылуы тиіс екендігін жеткізді.
Уақыт ағымынан қалмай келе жат­­қан заманауи кино мен теле­ди­дар театр көрерменінің де талғамын бұз­ды. Бү­гінгі жас көрерменнің ке­ше­гі тарихи пье­са­лардағы, қазақтың эпос жыр­ларындағы кейіпкерлерге, кей­бір ұлт­тық құнды­лықтарға, этнографиялық мұра­ларға сенім­сіздікпен қарайтын, көркем шы­ғар­ма тілін түсіне бермейтін кезеңі кел­ді. Қазақы қоғамнан осындай жа­­ңа­­ша бетбұрысты сезінген театр­лар да шама-шарқынша қойылым ұсы­нуда жаңа формат, тың форма іздеуге көше бастады. Театрдағы саналар қақтығысы, философиялық із­д­еніс, заманауи эс­тетикалық тал­ғам, бүгінгі әлеуметтік шындық, бү­гінгі бейнелер, шынайы актерлық ойын – көзіқарақты көрер­мен­нің ар­­маны.
Есмұқан ОБАЕВ, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі және директоры:
– Бұл – өте қажетті заңнама. Талай ай­тылса да бұған ешкімнің қолы, қолы барса да ниеті болмай, қалып келе жатқан ша­руа. Мәдениет заңындағы кішкене ғана жазба мүлдем тара­тылмаған. Бұл – пойыздың өзі бар да, сүйрейтін вагоны жоқ деген сөз. Онда театрдағы авторлық құ­қық, репер­туарлық саясат, театрдың жалпы бол­мысы, кім ие, қаржыландыру, ол жер­дегі статус деген дүниелер қа­рал­­маған. Кешегі ақылдасу алқасында осы­ның бәрі сөз болды. Әртістің, режиссердің, ав­тордың, суретшінің, журналистің құ­қығы деген дүниелер де – көп талас тудыратын жайлар. Осының бәрі та­рау-тарауымен, бө­лім-бөлімімен қарасты­рылуы керек.
Аз қаламақы болғандықтан, пьеса жазылмайды. Театрдың мәселелерін айта берсек таусылмайды. Бұл бізге театр өнері туралы арнайы заңның аса қажет екендігін көрсетеді.
Дулат ИСАБЕКОВ, жазушы, драматург:
– Бұл шара Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Дариға Назар­баеваның бастамасымен ұйымдас­тырылды.
«Қазір театрлар жұмысы құлдырап, әрқайсысы өз бетімен кетті. Директор қа­лай шешеді, бәрі солай болады. Бір бағдарлама, бір заңнама жоқ. Жер­гілікті авторлар, жергілікті драматургтер қаптап кетті. Қазір директорлар пьесаны өзі жазып, өзі қоятын болды. Осы мәселе шектен шығып бара жатыр» деген мәселе­лердің бәрі осы жиында айтылды.
Мен «барлық облыстық және Астана, Алматыдағы театрларды Мәдениет және ақпарат министрлігі өзінің қарамағына алуы керек» деген ұсыныс айттым. Өйткені қазір министрлік жергілікті театрларға еш әсер ете алмай қалды. Қазір олардың ешқайсысы министрлікке бағынбайды. Республикадағы барлық театрлар орта­лықтандырылған қаржыландыру жүйесіне көшуі керек. Қазір театрларды жергілікті әкімшіліктер қаржыландырады да, олар ол театрда білгенін істейді. Кез келген жиналыс қазір театрда өтетін болды. Ол – бір. Екіншіден, қазір қала­м­ақы саясаты көп айтылып жатыр. Қалам­ақы­ның меха­низмі жасалмай ешқандай қаламақы көтерілмейді. Үшінші, қазір өзі драма­тургтер жоқ. Біз кеткен соң, 2030 жылы дра­матург қалайын деп тұрған жоқ. Қазір­дің өзінде жазып жүрген төрт-бесеуіміз ғана. Бұлай кете берсек, 2030 жылы ре­жис­серлердің барлығы өлген драма­тургтермен жұмыс істейді. Жас драма­тургтер неге жоқ? Өйткені оларға ол тиімсіз. Пьеса деген күн сайын, апта сайын, ай сайын, тіпті жыл сайын туа са­латын дүние емес. Ол төрт-бес жылда бір жазылады. Ал сол төрт-бес жылдық еңбегіне 10 мың доллар алды делік. Ол оның бүкіл қажеттілігін жаба ма? Келесі пьесаға дейінгі күнкөрісіне жете ме? Сондықтан да жастардың бәрі басқа жақтардан нәпақа іздеп кетті. Осыны көбейту керек. «Драматург болдым» деген атақ жастарға үлкен абырой әкеліп, материалдық мүмкіндігін толық қам­тамасыз ету керек. Ал біз осыны жасай аламыз ба? Қазір «бір пьесаға 100 мың доллар» деңізші, қанша пьеса туар еді. Біз енді жолдың жиегіне шығып бақылап отыратын жасқа келдік. Дөңгелек үстелде осындай олқылықтардың барлығы ортаға тасталды. Біз мәдениетті ұлттық байлық деп түсінбесек, мәдениеттің деңгейі осы күйінше қала береді.
Әшірбек СЫҒАЙ, театр сыншысы:
– Бұл өте орынды көтерілген мәселе болды. Өйткені қазір елде 60-қа тарта театр бар. Қазір олардың қайсысының не істеп, немен ай­на­лысып жүргенін адам білмейді. Соның барлығын қазір жүйелеп, бір жолға қою керек. Соған бағдаршам болатын осындай арнайы заң, заң­нама, тұғыр­нама қажет. Мәдениет туралы заңда театр туралы бар бол­ғаны екі-үш-ақ сөз бар. Ол жеткіліксіз. Театр өнері туралы дербес, жеке заң болғаны өте орынды. Бұл басқосу – соған жасалған алғашқы қадам. Біз оны қуана қош­таймыз. Қабыл­данатынына сен­гіміз келеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста