Телеарна тұлғалардан тұрса...

Телеарна тұлғалардан тұрса...

Әлемдік телевизияда көгілдір экрандағы танымал тұлғалар бәсекелестік ойынындағы басты көзір болып отыр. Телеарналар бұқараны өз шеберлігімен тамсандыра алатын интеллектуалдарды дайындап, көрерменнің көзайымы болғандарды өз арналарына топтастыруды көздейді. Өйткені, бір жағынан, телеарнаның сөзі беткеұстар тұлғалармен өтімді, екіншіден, бұл – арнаның рейтингін көтерудің басты жолы. Өкінішке қарай, бізде телеарнаны тұлғалардан жасау үрдісі қалыптаспай келеді.

Телеарнадағы шеберлігінің арқасында әлемдік беделге ие болғандар бар. Мәселен, Forbes журналы 2005 жылы америкалық актриса әрі ток-шоу жүргізуші Опра Гэйл Уинфри – ең ықпалды танымал тұлға, 2009 жылы шоу-бизнестегі ең ықпалды адам деп атады. Әлемдік БАҚ сарапшылары да Уинфриді нағыз талант иесі деп біледі. Қара нәсілдіден шыққан тележүргізушілердің мұндай даңққа бөленгені кемде-кем. Бүгінде BBC, CNN сынды әлемдік теледержавалар Уинфри мен оның өзімен аттас ток-шоуын өз телеарналарынан көргісі келеді. Дәл осы жүргізуші үшін телеарналар миллиондаған қаржы шығындап, өзара бәссаудаға түсіп жатады. Қазір атақты шебердің арқасында ABC дүниежүзіндегі ең танымал арнаға айналып отыр. Уинфридің хабарын әлемнің 140 еліндегі 70 млн көрермен тамашалайды. Бұл шоуға келіп, ағынан жарылуға ниет білдіретін әлемге әйгілі тұлғалар да аз емес. Бүгінде Ресейде де телеарналарды тұлғалар арқылы дамыту үрдісі тәжірибеге еніп, өз жемісін бере бастады. Басқаны айтпағанда, «Первый канал» – кілең тұлғалар арнасы. Соңғы жылдары ақпарат құралдарындағы түрлі сауалнамалар мен рейтингтердің нәтижесінде «ең үздік тележүргізуші» атанған Иван Ургант сарапшыларды «Ургант феноменін зерттеу керек» дегенді айтуға мәжбүрледі. Кәсіби дайындық пен табиғи дарынының арқасында Ургант түрлі жоғары дәрежелі сыйлыққа да ие болды, өзі қызмет ететін телеарнаның да рейтингін арттырды. «Прожекторперисхилтон», «Большая разница» сияқты хабарлар қазіргі телевизияның жетістігі саналады. Жуырда белгілі журналист Леонид Парфенов бұл телеөнімдердің мұндай биікке жетуі оны жүргізетін шеберлердің ой-өресіне тікелей байланысты екенін айтқан болатын. Николай Дроздов, Владимир Познер, Андрей Малахов, Яна Чурикова, Елена Малышева тағы басқа жүргізушілер легі туралы осыны айтуға болады. Екатерина Андреева арнадан уақытша кетіп қалған кездегі көрермендердің наразылығын ешкім ұмытқан жоқ. Ресей телеарналарындағы әрбір тілшінің өзі кәсіби кемеліне келген бір тұлғадай. Ал бізде ше? Өкінішке қарай, телеарналарда беткеұстар тұлғалар культі қалыптаспай жатыр. Бір күн болған жұлдыз, ертең жоқ. Мамандығы бойынша музыка теориясын зерттеуші, кәсібі бойынша журналист Артур Платонов сияқты бір өзі бір арнадай болатын шеберлерді өзге арналардан көру қиын. Бірақ келешекке пессимизммен қарауға болмас. Осы мәселеге арнайы көңіл бөлсе, бізде де телеарналар талантты журналиске таласып жататын кездің туары анық. Себебі көркі экран талабымен үйлесетін, білікті, табиғи даралығы бар, шешен қыз-жігіттеріміз көп.

Намазалы ОМАШЕВ, Л.Н.Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика мәселелерін зерттеу институтының директоры, филология ғылымының докторы:
– Көтеріп отырған мәселелеріңіз өте орынды. Бізде телеарналар ортасында шынайы шығармашылық бәсекелестік жоқ. Бір арнадағы талантты ұл-қыздар екінші арнадағы әріптестерінен асып түсуге тырысатын болса, олардың бәсекелестікті дамытуға ықпалы болар еді. Алайда бізде, өкінішке қарай, әр телеарна өз білгенінше жұмыс істейді. Бұл – бәрімізге ой салатын нәрсе. Талантты дикторларды, комментаторларды дайындауға әр арнаның басшылығы көңіл бөлуі керек. Аузы дуалы, көрікті қыз-жігіттердің шығармашылық жағынан жетілуіне, әлеуметтік жағдайының жақсаруына, тиісті еңбекақы мен лайықты беделге ие болуына басшылар көмектесуі керек. Сонда сол арнаға басқа мықтылар да жиналып, мұның өзі дәстүрге айналар еді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста