«Телеарналар қазақты басқа ұлттарға мазақ етіп, қазақтың тілін, дәстүрін келемеждеумен айналысады» - қоғам белсендісі
Қоғам белсендісі Әмина Смағұлова отандық арналардың өсек-аяң, жеңіл жүріс, тәртіпсіздік пен ұятсыздық ордасына айналып бара жатқанына наразылық білдірген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, қазақты басқа ұлттарға мазақ етіп, қазақтың тілін, дәстүрін келемеждеумен айналысады. 
«Біздің балаларымыз күні-түні осындай жиіркенішті жарнама, роликтер көріп өсіп келеді. 
Телеарналар қазақты басқа ұлттарға мазақ етіп, қазақтың тілін, дәстүрін келемеждеумен айналысады. 
Сайттардың көбі бір бірімен жарысып, біреулердің қыздарды қалай зорлағанын егжей тегжейлі түсіндіріп, жыныс ауыстыруды жарнамалауда. 
Қалаулымдағы бір-бірінің шашын жұлысқан жезөкше қыздар мен жарнамадағы әйел боп киінетін еркектерге қарап өскен жастардан не күтуге болады? Ұлттық идеологиямыздың қазіргі сықпыты осы...», - деп жазады ол өзінің facebook парақшасында.
https://www.facebook.com/people/Амина-Смагулова/100055036524779
<video width="300" height="150" controls="controls"> </video></p>
<video width="300" height="150" controls="controls"> </video></p>