«Темір Нарком» жайлы жаңа кітап

«Темір Нарком» жайлы жаңа кітап

Орта Азия мен Қазақстанға ортақ тұлға, аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, қаламы қарымды сыншы, көсемсөз иесі, Қазақстандағы мәдениет, әдебиет, өнер саласының талант­­ты ұйымдастырушыларының бірі һәм бірегейі Темірбек Қараұлы Жүргеновтің есімі тек қана исі қазаққа ғана емес, тұтас түркі жұртына мәлім. Ел басына түскен ашаршылық жылдар ауырт­палығын жоюға, халықтың рухын көтеріп, еңсесін тіктеуге Қазақ­стан үкіметінің Халық ағарту комиссары қызметін атқарған жыл­дары (1933-1937) зор еңбек сіңірді. Ол осындай азғана уақытта өзінің жеке басының уақытымен санаспай, комиссариат жұмы­сын ұлт­тық мәдениет пен ағарту саласын өркендету штабына айнал­дырады. 1934 жылы Алматыда өткен Бүкілқазақстандық халық өнер­паздарының I слетін, 1936 жылы Мәскеудегі Қазақстан өнері мен мәдениетінің онкүндігін негізгі ұйымдастырушылардың бірі болды.


Биыл туылғанына 115 жыл болатын қазақ­­тың осындай ардақты ұлының азаматтық болмыс-бітімі мен атқарған көпсалалы қоғамдық қызметін жан-жақты ашатын еңбек, шығармашылық келбетін сан қырынан танытатын құнды зерттеулер мен Т.Жүргеновтің артында жазылып қалған әдеби мұралары жинақталып, өткен жылдың аяғында Қазақстан Журна­лис­тер одағының мүшесі, филология ғылы­мының кандидаты Бауыржан Иман­ғалиев­тің біраз жылдардан бері зерттеп жазып жүрген еңбегі жаңа кітап болып оқырман қолына тиді.
440 беттен тұратын кітапта автор өз зерттеу объектісі болған Т.Жүргеновтің өмірі мен шығармашылығына байланысты көптеген дереккөз бен бағалы құжатты өзімізде сақталған және көрші Өзбекстан Республикасы мұражайлары мен мұра­ғат­тарынан алып, ғылыми айна­лымға енгізу арқылы, бұған дейін қалың қазақ білетін Т.Жүргеновтің адами болмы­сын бұрын таныс емес соны қырларымен жан-жақты ашып, шынайы келбетін дара­ландыра түскен. Қоғам қайраткерінің азаматтық ажа­ры мен қаламгерлік қарымы жеке­ленген екі тарауда қарастырылып, жас Қазақ Республикасының азамат соғысы, ұлтшылдық таңбасы тағылып, Алаш қайраткерлерін алып кеткен алғашқы репрессия толқыны, халықты баудай қырған ашаршылықтан ес жия бастаған кезеңде ел еңсесін көтеруге жасаған қажыр­лы еңбегі таратылып айтылады. Зерттеуші жинақталған мол материалдар негізінде Т.Жүргеновтің қазақтың ұлттық құнды­лық­та­рын жоғары бағалаған қоғам қай­рат­керлігі, мем­ле­кет­шіл­дігі, ұлт тіліне, өнері мен мә­де­­­ние­тіне шынайы жа­нашыр бола білген кел­бетін толық­қанды си­пат­тай білген. Үшін­ші та­рау­да рес­­пуб­ли­ка­мыз­дағы өзге де ізденушілердің Т.Жүргенов туралы зерттеу мақалалары мен естеліктері топтас­тырылған.
Келесі екі тарауда қайраткердің әдеби-саяси публицистикалық мұралары мен республиканың оқу-ағарту, мәдениет т.б. көптеген саласы жайлы баспасөз бетінде жарық көрген зерттеу мақалалары топтас­тырылыпты. Халық ағарту комиссары екі бірдей, қазақ-орыс тілінде жазғандықтан кітапқа енген мақалалар да қос тілде қатар берілген.
Арыс ағалардың елі мен жері, қазақ халқы үшін жасаған жанкешті еңбегіне қандай құрмет көрсетсе де лайық. Зерт­теуші Б.Иманғалиевтің бұл кітабы – ХХІ ғасырдағы жүргеновтану ғылымына қосыл­ған сүбелі үлес және өз оқырманын табады деген үміттеміз.
Амангелді МҰҚАН, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты театр және кино бөлімінің меңгерушісі, өнертану ғылымының кандидаты

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста