Темірәлідей таланттың тасада қалғаны қалай?

Темірәлідей таланттың тасада қалғаны қалай?

Кеше редакциямыздың электронды хат қоржынына «Барып қайт, балам, ауылға» сынды жүрек тербер тамаша әндерімен халқының жанын тербеткен қазақтың талантты композиторы Темірәлі Бақтыгереевтен хат келіп түсті. Алпысты алқымдаған шығармашылық иесі тілдей ғана хатта өзінің жан сырын ақтарып, ел ішінде жүрсе де, елеусіз ғұмыр кешіп жатқанына налып, мұңын шағыпты.

                                                 Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Тағдырымен бетпе-бет қалған өнерпаз ағамыздың хатын қызы Әлия қағазға тү­сіріп жолдаған екен. Оқырман қауым наза­рына хаттың толық түпнұсқасын ұсынып отырмыз:
«Осы хатты жазып отырған композитор, журналист, І топтың мүгедегі Темірәлі Бақ­тыгереев ағаңыз. 1989 жылдан бехтерев деген аурумен І топтың мүгедегі болғаным аздай, 2002 жылдың қараша айында көлденең келген қасірет – көшеде қасиетсіз біреудің автокөлігі соққаннан өлім аузынан қалып, қазіргі уақытта жүріп-тұру да қиын, жеңгеңнің жетелеген көме­гі­мен күн көрудемін.
Менің шығармашылығым халықтың жүрегінде деп білемін. 250-ге тарта әндер шығардым, олардың көбісі халыққа таралып кетті. Әсіресе «Барып қайт, балам, ауыл­ға», «Ғашықтар сенімі», «Таңғы тілек», «Са­ғыныш», «Кешір мені», «Мәдина», «Қа­­зақ елім», «Ер Махамбет» т.б. кең тара­ған әндерімді өзіңізге атақ-даңқтары өте та­ныс композитор Е.Хасанғалиев, Н.Үсем­бае­ва, Т.Жаманқұлов, Ғ.Есимов, Н.Өнер­ба­ев пен «Музарт» тобы, С.Жұмағалиев, Г.Сиқымбаева, Л.Төлешева, Р.Мұсабаев, Ж.Құ­жыманов, С.Нұрбергенов сияқты май­талмандар орындауда.
«Барып қайт, балам, ауылға» атты әнім бүкіл дүниежүзі қазақтарына танылды. Әйгілі таэквондо шебері Мұстафа өз Түрік осы ән бойынша жеке фильм түсіріп, өзіне бойтұмар етті.
Алпыстан асқан шағымда не атақ, не бір арнайы сыйлықпен марапатталмаппын. Шығармашылық соңына түскен қырық жылдың ішінде ешқандай шаһарда жеке үй-жайым болмапты».
Шынында да, өнерді өрге сүйретіп, әнді бағалайтын қазақ қоғамы бүгінде Темірәлідей талантын ұмыт қалдырғаны қалай? Қарап отырсақ, соңғы 10-15 жыл бедерінде Темірәлі ағамыз не бір үлкен концерттерге, не бір мерейтойлар мен сән-салтанаты келіскен кештерге шақырыл­мапты. Қазағын ән-кеудесімен құшуға құ­мартып-ақ тұратын талантты композиторы­мыз­ға не бір атақ-дәреже, не бір марапат қағаз да бұйырмапты. Ден­сау­лығының ауырлығы­мен қоса баспана зарын да кө­ріп келеді. Кейінгі кезде тіпті жүруден де қалып, сөйлеуі де қиын болып кетіпті. Осыншама белгілі адамның лайық­ты дәрежеде бағаланбауы­ның астарына үңілгіміз келіп, біз біраз жерлерге телефон шалып, хабарластық.
Жарылқасын Дәулет, композитор:
– Темірәлі ағамыздың талантты композитор екеніне дау жоқ. Ол кісінің бір ғана «Барып қайт, балам, ауылға» деген әнінің өзі неге тұрады? Бірақ, өкінішке орай, біз осындай дарынды адамдарды дер кезінде бағалай алмай жатамыз. Темірәлі ағамыздың бар­лық марапат пен сыйлықтардан қағылып қала беруі, мүлде ескерусіз қалуы Композиторлар одағына мүше еместігінен болуы керек. Бізде композитор ретінде ресми мойындалу үшін арнайы дипломың болуы шарт. Осындай қатып қалған талаптар қаншама жай­саңдарымыздың бағын байлап отыр. Дип­ломнан бұрын адамның таланты тара­зыға түсу керек емес пе? Темірә­лідей аға­ла­рымыздың елеусіз қалғанына менің де жа­ным ауырады. Өнер саласында жүрген жан­дар мұндай жағдайға бейжай қара­мау­ға тиіс деп ойлаймын.
Бұдан соң Композиторлар одағының төра­йымы Балнұр Қыдырбек апайымызға телефон шалдық:
– Алло, сәлеметсіз бе, Темірәлі Бақ­тыгереев деген композитор ағамыз бар ғой, білесіз...
– Ондай композитор жоқ «вообще», тек әуесқой бір адам болған...
– Енді, қалай болғанда да ол кісі ел білетін адам ғой... Сол ағамыздың ден­саулығы да ауыр халде. Осы уақытқа дейін бағаланбадым деп хат жолдапты... Сонда бұл кісі Композиторлар ода­ғының мүшесі емес пе?
– Жоқ, мүшесі емес.
– Ағамыздың осындай халін ескеріп, қабылдауға болмай ма?
– Болмайды!
– Сонда ағамыз елеусіз-ескерусіз қала бермек пе?
– Кезінде оқып, білім алмаған өз оба­лы өзіне. Енді біз қайтеміз? Біздің жарғымыз бойынша солай! Ол үшін арнайы музыка­лық, консерваториялық білім керек. Ол кі­сіде ондай жоқ. Дүниеде әу демейтін қазақ жоқ. Елдің бәрі ән шығарады. Енді оның бәрін одаққа мен қалай қабыл­дай­мын?
– Жарайды, рақмет, түсінікті болды.
Әлия Бақтыгереева, композитордың қызы:
– Әкеміз бұрын Композиторлар одағы­ның мүшесі болған. Бірақ кейін белгісіз бір себептермен шығарылған. Ең қиыны – әке­мізді бұрын араласқан бірде-бір әріп­тесі іздемейтін болды. Өзі төсек тартып қал­ды. Тілі күрмеліп сөйлей де алмайды. Кей­­біреулер тіпті «Темірәлі Бақтыгереев қай­тыс боп кеткен» деп ойлайды екен... Қа­зір бір­қатар танымал композитор ағала­ры­мызға өті­нішпен шығып жатырмын. Нә­тижесі қан­дай боларын білмеймін. Әкемнің музы­ка­лық білімі де бар. Әндері эфирлерден шыр­қалған сайын көңіліміз толқып оты­рады.
Қазіргідей ақпараттар тасқыны мол заманның жетістіктеріне сүйеніп, бұл кісі туралы өзге де тың мәліметтер тауып қаламыз ба деп ғаламтор арқылы «google» сайтында да іздеу салып көргенімізде тек жалғыз ғана қысқа мәліметке тап болдық. Онда тек «Темірәлі Бақтыгереев Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Березин ауылында туған. Алматы музыкалық училищесін, ҚазҰУ-дың журналистикасын бітірген» деп қана жазылған. Ал басқа композиторлар туралы, әсіресе жас әнші-сазгерлер жайында интернеттен мыңдаған мәліметтер алдыңнан қаптап шыға келеді. Қалай десек те, төсекке таңылған тағы бір талантымыздың тасада қалып бара жатқаны өкінішті-ақ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста