«Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет»

«Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет»

Өмір ұлы ма, әлде өлім бе? Мәңгілік жауапсыз сұрақтар жетегіндегі адамзат баласын осылардың қайсысы өз алақанына салып әлдилеп, жанына тыныштық таптырады? Ана құрсағынан жарық дүниеге шыққан нәресте көзімен қарағанда, өлім деген тым шексіз, алыстағы дүние секілді көрінгенімен, ол күнделікті өмірмен егіз қозыдай қатар жүріп, адамдардың көзіне сәт сайын үңілетін болса керек. Асау толқындары жағалауды ұрып, буырқанып жатқан теңізге бүтін бір халықтың өмірін сақтап қалу үшін аттанған төрт азамат: ата, әке, бала атты үш ұрпақ өкілінің арасындағы диалог, олардың өмір үшін арпалысқан әр сәттегі қимыл-қарекеттерін бір деммен көріп, тіпті бір жұтым суға зар болған арыстай азаматтардың халін жүректен өткергіңіз келсе, «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбетті» көріңіз.
Күні кеше Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры осындай бір жа­ңа қойылымның тұсауын кесті.
Талғат Теменов, театрдың көркемдік же­тек­шісі, режиссер:
– Шыңғыс Төреқұлұлының бұл туын­дысы басқа шығармаларынан ерек­ше. Өйткені бұл – қиын дүние. Өткен ғасырдың 80-ші жылдарында якут театрында сахналанған шығарма сол тұста керемет дүрлігу туғызып, тіпті Мем­лекеттік сыйлық алған болатын. Содан бері басқа бірде-бір театрда осы «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» сахналанған жоқ. Себебі мұндағы оқи­ға тек бір ғана қайықта өтеді. Сахналық ше­ші­мін таппағаннан кейін басқа театрлар қоюға жүрексінген болулары керек. Шы­ғарманың қиындығы коме­дия не сол секілді басқа да жанрдағы қойы­лым­дар секілді көп қимыл-әрекет жоқ­ты­ғында. Бірақ біздің театр осы дүние­нің күрделі де болса шешімін тапты деп білемін.

Аталған театр бұл шығарманы ерте көк­темнен бастап қолға алып, содан күзде дайын болысымен тұсаукесерін елордада өткізді. Қазанның 8-14-і аралығында Ас­та­на қаласына гастрольдік сапармен ба­рып, өздерінің соңғы кездегі тың туын­ды­ла­рын көрерменге тарту етіп ұсынды. К.Байсейітова атындағы опера және балет театры сахнасындағы қойылымдардың ашы­лу салтанатына елорданың әкімі Иман­ғали Тасмағамбетов келсе, жабылу салтанатына еліміздің мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед келіп, аталған қойы­лымды өз көзімен көріп, бағасын да беруді ұмыт қалдырмады.
Ал, жалпы, туындының қазақ сахнасына келу тарихына аздап шегініс жасар болсақ, Шыңғыс Айтматовтан алғаш қазақшаға ау­дарған белгілі  қаламгер Шерхан Мұр­та­за болатын. Міне, осы бір Алаштың ар­дақты тұл­ғасы кеше көрерменмен бірге театр за­лынан табылды. Шерағаңнан атал­ған шы­ғарманы сахнаға лайықтап инс­це­ни­ров­касын жасаған да, режиссерлік еткен жә­не түгел музыкасын үйлестірген де театр­дың көркемдік жетекшісі, режиссер  Талғат Теменов.
Әрине, туындының тағдыры, яғни кө­рер­меннің жүрегіне жетуі ондағы актер­лер­ге тікелей байланысты. Қарт аңшы Ор­хон шалды Сағызбай Қарабалин сомдаса, үлкен ұлы Эмрайнды – Еділ Рамазанов, кішісі Мылгун жігітті – Данияр Базарқұлов, ал ең кішкентай немересі 14 жастағы Кирийскті Мерей Әжібеков сомдады. Аталған ак­тер­лердің қай-қайсысы болсын осыған дейін бірнеше қойылымдарда сан қырлы ше­бер­ліктерін танытып келсе, ал Мерей Әжі­бе­ковтің бұл театрдағы тұңғыш басты рөлі бол­са керек. Атасы, әкесі мен ағасынан ай­ры­лып, соңында жалғыз өзі аман оралатын немере рөлін жас актер бар жан дүниесімен сомдағаны сезілді. Соңында қалған бір жұтым суды жұтып тұрып, ең ардақтыларын жұтып кеткен теңіз толқындарына қарап көкірегі қарс айрылған баланың көз жасы отыр­ған көп­шілікті егілтпей қоймады. Сон­дай-ақ қос бауырдың қатты шөлдеп, аш­тық­тан бұ­ралып жатса да, бір-бірлерінің тірі қа­луын тілеген тұстары, Орхон шалдың ұр­пақ жайлы тол­ға­ны­сы барлығы да көр­ген жұрттың көзіне жас ал­дырды. Қалай бол­ғанда да, Шыңғыс Айтматов шы­ғар­ма­сын Алаш жұрты сонау қияндағы нивх жұртының тағдыры ғой деп емес, өз мұңы, өз қасіреті секілді қабыл­да­ға­ны ақиқат. Айта кету керек, көрерменді бұлайша бір деммен ұстап отыруда музыканың да үлесі зор. Әр сәт сайын, әр оқиғаға сәйкес әуен де дәл үйлесіп, солайша туындының ешбір тұсы көрермен назарынан тыс қалмай, қайтара оқиғаның ішіне енгізіп жібергендей болды. Режиссерлік шешім де анық, жұрт көкейінде наразылық тудырған жоқ. Ұрпақ амандығы, сол жол­дағы баба буын, әке буын­ның құрбандығы, жал­пы, көрерменді биік адамгершілікке үндейтін туынды ең ал­ғаш саха еліндегідей тағдыр кешіп, біз­дің елімізде де өз деңгейіне сай бағасын алады деген сенім мол.
Алдағы уақытта театр аталған қойы­лымды Таулы Алтайға апарып көрсетуі әб­ден мүмкін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста