The Spirit of Tengri-мен дүниежүзін таңғалдыруға болады

The Spirit of Tengri-мен дүниежүзін таңғалдыруға болады

Гүлзада Рысқұлова, қырғызстандық әнші:
The Spirit of Tengri фестивалінің қырғыз колориті болады. Айыр қалпақты ағайынның көне музыкасын жаңа заман ырғақтарына бейімдеген әнші Гүлзада Рысқұлова жобаға «Жаз», «Толғонуу», «Құрманбек» және тағы бірнеше әнімен қатысып жатыр. Жуырда Алматыда қонақта болған Гүлзада бізге шағын сұхбат берді.
– Мені қазақстандық тыңдармандар біле бермейтін болар, сондықтан алдымен өзімді таныстырып кетейін. Соңғы кездері Gulzada деген сахналық атпен өнер көр­сетіп жүрген мен Қырғызстандағы этно-эстрада жанрында қызмет етіп келе жатқан әншімін. «Ордо-Сахна» фоль­клор­лық-этнографиялық тобының солисімін, орын­дап жүрген әндерімді өзім жазамын. Ош мемлекеттік педагогикалық музыкалық институтын баян класы бойынша тамам­дағанмын. Бірақ өзім баяншы болып қал­мадым, этникалық бағытта әндер жазып, вокалдық өнер көрсетуге қатты қызықтым да, сол жолды таңдадым. Осы кезге дейін әлемнің біраз елінде өнер көрсеттім. Кә­сіби шығармашылығыма 10 жылдай уақыт болды. Қазір The Spirit of Tengri фестиваліне қатысуға келіп жатырмын. Жоба этно­графиялық музыка жанрында болған­дықтан, сол бағыттың өкілі ретінде бұған қатыспауға болмайды деп шештім.
– Қырғызстанда этно-рок жан­рындағы музыка қаншалықты таны­мал?
– Қырғызстанда поп-музыка көбірек танымал, әрине. Ел соны көп тыңдайды. Көпшілікке ұнайтын жеңіл-желпі әндер шығып, әрі кетсе екі ай ел аузында болады да, кейін жоғалып кетеді, сөйтіп, келесі бір арзанқол дүние пайда болады. Ал талғамы жоғарылар, әлбетте, фольклорды қас­терлейді. Соның ішінде халық шығарма­ларының қазіргі заманға бейімделген нұсқалары талғамы биік көпшілікті қызық­тырады. Бізде мемлекеттік деңгейдегі іс-шараларда қырғыз халық әуендері көп орындалады. Мен көне қырғыз әуендерін жаңа заманға сай бейімдеймін. Өйткені жастарға да сол қажет. Осындай дүние­лерді олар көбірек қалайды.
– Біз қырғыз әндерін жақсы білеміз. Ал қырғыздар біздің музыканы тыңдай ма?
– Өзім қазақтың музыкасын тыңдай­мын. Маған әсіресе қазақтың халық әндері қатты ұнайды.
– Дәстүрлі әнді заманауи ырғақ­тармен араластырғанды көпшілік ұната бермейді, бұдан ұлттық мұра­ның сыны кетеді деп есептейді. Сіздің шығармашылығыңызға қатысты осындай сын айтылды ма?
– Иә, айтылды. Қырғыз жұрты мені эпос үлгілерін тұңғыш рет қазіргі заманғы музыкамен орындаған әнші ретінде таниды. Мен ең алғаш «Құрманбек» эпо­сын этно-рок жанрында орындағанда көпшілік наразылық білдірді. Бұған дейін батырлық жырларды ешкім жаңа заманға бейімдемеген еді. Кейбір манасшылар «бұлай жасауға болмайды, эпосты қомыз­бен ғана орындау керек» деп қарсы болды. Кейін сын айтқандардың өзі «Манастың» үзінділерін де қазіргі заманғы ырғақтарға көшіріп орындасаң болар еді» деп ұсыныс айта бастады. Соған қарағанда, қазіргі жастардың заманауи ырғақтармен аралас­қан туындыларды қолдайтынын түсінген болуы керек. Енді сол ұсынысты ескеріп, алдағы уақытта «Манастан» да үзінді орындау жоспарымда бар. Бір тағылымды, маңызды тұсын таңдап алып орындауым керек. Меніңше, этникалық музыка тың­дармандарын көбейту үшін оны заманауи жанрлармен, ағымдармен байланыстыру қажет.
– Фестивальға алып келген шығармаларыңыз туралы айтсаңыз...
– The Spirit of Tengri фестиваліне «Жаз» шығармасын ұсындым. Tengri FM-нің бас продюсері Жан Қастеевтің айтуынша, «Толғонуу» деген жаңа композициям да радио эфирінен беріліп, тыңдарман­дар­дың қолдауына ие болған. Басқа да бір­неше жаңа әнім жоба аясында тың­дар­мандарға ұсынылады. Мен мұндай фес­тивальдің қолға алынғанына, өзімді сол үлкен қозғалыстың мүшесі ретінде сезінгеніме қуаныштымын. Бұл – өте өзекті жоба. Себебі қырғыздар, қазақтар немесе түркі тілдес басқа да халықтар дүниежүзін онсыз да танымал болған шетелдік поп-музыкамен, эстрадамен таңғалдыра алмайды. Қазіргі таңда әлем жұртшылығын этникалық-фольклорлық шығармалар қызықтырады, олар үшін біздің музыкалық аспаптарымыз бен көнеден келе жатқан жырларымыз – тың дүние. Сондықтан түркі тілдес елдердегі этникалық музыка орындаушыларының шетелге жиірек шығып, жаңа тәжірибелерді насихаттағаны абзал. Өзім шетелдерде болып, бұған көз жеткізіп жүрмін, біздің аспаптарымыздың үніне көпшілік құмар. Тыңдармандар көбейсін десек, ұлттық музыкалық дәстүр­лерімізді жаңа ырғақтарға бейімдеу керек. Көне музыкалық мұрамызды жаңа заманға лайықтасақ, оған қызығушылық артып қана қоймай, ұлттық ерекшелік­теріміз мәңгіге сақталады да. Осы ретте біздің құрлықта тұңғыш рет қолға алынған The Spirit of Tengri ауқымды жобасы оң бағытта деп санаймын. Жоба фольклормен шек­теліп отырған жоқ, ол архаикалық музыка­ларға да терең барып отыр.
– Әңгімеңізге рақмет!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста