Тобырлық мәдениет тыйылса...

Тобырлық мәдениет тыйылса...

Мәдениеттің «бұқаралық» деген түрін естіп көріп пе едіңіз? Естімеген болсаңыз, соның дәл ортасында жүргеніңіз анық. Жеңіл әуен, арзан мағыналы атыс-шабыс фильмдер мен детективтер – жалпыға ортақ бұқаралық мәдениеттің бір көрінісі. Қаржылық дағдарыстан бұрын келген рухани дағдарыс – бұқаралық мәдениеттің салдары. Сонымен, халықтың ойлау деңгейін, талғамын төмендетіп келе жатқан бұқаралық мәдениеттің еліміздегі салмағы қандай?

Бір анығы, бүгінде бұқаралық мәдениет дәстүрлі мәдениетпен тайталасқа түсіп тұр. «Бұқаралық мәдениеттің негізгі бөлігін Батыс өнімдері құрайды. Ал олардың мақсаты – биік мұраттарға тәрбиелеу емес, табыс табу мен баю ғана. Қазақстан қоғамы да соған еліктеп, жеңіл-желпі дүниелерге бой ұрып барады», – дейді мамандар. Ең өкініштісі, ұлттық құндылықтарды ұлықтаудан гөрі, күнкөрісті күйттейтіндердің әрекетінен туындаған дүниелерде өрелі ойлар айтылмайды. Яғни адамның рухани құлдырауына жол ашылады. Режиссер Болат Атабаевтың бұл жөніндегі пікірі: «Бүгінгі таңда толассыз жүріп жатқан концерттердің де, эстрада әншілерінің де мақсаты – тек көрерменнің көңілін көтеру, сергіту, күлдіру. Елімізде бұқаралық мәдениеттің қарыштап келе жатқанына бізде әлі күнге дейін өнерді тану психологиясының қалыптаспағандығы әсер етуі мүмкін. Шетелдерде өнерді тану психологиясы деген арнайы пән өтіледі. Ол Қазақстанға әлі келген жоқ. Қазіргі жағдайға зер салып қарайтын болсақ, дәстүрлі әндерге қарағанда, эстрада әндерінің тыңдарманы көп. Әсіресе жастар қауымы дәстүрлі әнге мұрнын шүйіре қарайды. Сөйтіп, өзіміздің қазақилығымыздан айырыламыз» дегенге саяды.

Қазақстанда бұқаралық мәдениеттің қаулап келе жатқанына мағынасыз әндер мен арзанқол кітаптар, астарлы ойы жоқ фильмдер, бейәдеп әзілдер, салмақсыз сатира дәлел. «Тобырлық мәдениеттің өрістеуіне көгілдір экранның әсері мол. Мәселен, теледидарда ұлттық нақыштағы бағдарламалар жоқтың қасы. Сол сияқты түсіріліп жатқан фильмдерде де ұлттық болмыс атымен жоқ. Алысқа бармай-ақ, «Көшпенділерді» алатын болсақ, бұл фильмде қазақтың ірі тұлғаларын өзіміздің әртістер ойнаған жоқ. Осы орайда Өзбекстан елінен үлгі алсақ, игі еді. Қаржылық дағдарыстың қиын тиіп отырғанына қарамастан, өзбектер өздерінің ұлттық сипатын, ұлттық болмысын көрсететін көп сериялы көркем фильмдер түсіріп жатыр. Сондай фильмдерді түсіруге біздің де мүмкіндігіміз бар. Мәселен, Тынымбай Нұрмағанбетов, Дулат Исабеков, Қабдеш Жұмаділов сияқты жазушылардың кез келген шығармасын алып, көп сериялы фильм түсіруге болады. Бірақ оған ешкім мән бермейді», – дейді мәдениеттанушы Әмірхан Меңдеке.

Рухани құндылық, Отанға сүйіспеншілік, өмірге өзіндік көзқарас тапшы бұқаралық мәдениет «Қыз Жібек» пен «Абай жолы» секілді классикалық туындыларымызды да күннен-күнге шетке ығыстырып барады. Кітап дүкендерінен қазақ тіліндегі шығармаларды табу қиын. Болған күнде де, көпшілігі жетім қыздың күйін кешкен жұпынылау сөрелерде шаң басып, жылдар бойы елеусіз, ескерусіз жатады. Былайша айтқанда, төл әдебиеті мен дәстүрлі мәдениетінен жеріген жатбауыр ұрпақ көп жағдайда асыл мен жасықтың аражігін ажырата бермейді. Бұқаралық мәдениеттің күнделікті өмірімізге дендеп еніп, ауа жайылып бара жатқаны да содан...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста