Тойдағы тойымсыздыққа тойтарыс беретін заң керек

Тойдағы тойымсыздыққа тойтарыс беретін заң керек

Жалпы, жер бетінде есепсіз өмір сүретін бірден-бір халық болса, ол қазақ қана шығар. Қалтасында көк тиыны болмаса да, көрші-көлем, ағайын-туыстан жылу жинап, болмаса банктен несие алып, жүздеген адамды тойға шақыру – қазақтың ғана қолынан келетін іс. Әйтпесе, той шығыны деген шаш етектен.
Қазіргі таңда Алматының қарапайым мейрамханасында той өткізу кем дегенде кісі басына 5 мың теңгеден келеді екен. Сон­дықтан, шыны керек, кейде шаршап тұрсақ та, ең болмағанда отырған ор­ны­мыз­дың ақысын төлейік деп, ұялғаннан баратын кез де болады. Себеп: халқы­мыз­дың «бармасаң, келмесең – жат боласың, алмасаң-бермесең – сарт боласың» деген шым­шыма сөзі бар. Бәріміз «сарт» атанудан қашамыз.
Шамамен шотты қағып жіберіп, бір той­дың қисабын шығарып көрелік. Мәсе­лен, 200 адамдық үйлену тойына орташа есеппен алғанда мынадай шығын кетеді:
1. Асаба – 1000 доллар.
2. Музыка – 500 доллар.
3. Жан басына 5000 теңгеден дастарқан – 7000 доллардай.
4. Азық-түлік шығыны – 1000 доллар.
5. Таспаға түсіру, көлік жалдау, фото­су­рет­тер – 1000 доллар.
6. Әр әнші  – 1000 доллар, атақтылары – 3000-нан ары қарай.
7. Қалыңдық пен күйеудің киімі – 1000 доллар.
8. Киіт, той малы, әшекей бұйымдар – 10 мың доллар.
Барлығы: 24 500 доллар.
Бұл – ортанқол отбасының той шығыны. Ал зәулім сарайларда тұрып, шетелдерден тұтас арал сатып алып жатқан байлардың той шығынына шаш жетпейтін шығар. Олар тіпті тойында тікұшақтан ақша шашу­дан жарысып жатыр емес пе?! Бай өзінің барын шашар, ал жоқ адам қайтпек?
Бұл тойдың материалдық жағы десек, мазмұны жағынан да қазақ тойының бір­ша­ма кемшілігі байқалады. Мәселен, бірінші кезекте тойдағы шамадан тыс сөз сөйлеулерге кімнің де болса зығырданы қайнайтыны сөзсіз. Қазақта «әке тұрып, ұл сөйлегеннен без» деген сөз бар. Бірақ бүгін­де ақсақалдан бастап әңгіме айтып, баласы тақпақ оқумен аяқтаудан арлан­бай­тын болып алдық. Сондағы айта­ты­нымыз не? «Зор денсаулық, ашық аспан, мөлдір махаббат» – осы үш ауыз сөз қазақ тойы­ның репертуарынан мәңгі орын ал­ған­дай. Үлде мен бүлдеге орану жа­ғынан бір-бірі­не дес бермейтін қауым тойға барарда айтатын сөзін ұмыт қалдыратын секілді. Бірақ сонысына арланса мейлі ғой, ортаға шығып алып, бірінен кейін бірі бастап­қы­дағы «дежурный» үш тілектің тонын теріс айналдыра береді, айналдыра береді... Жиналысқа айналған той солайша таңға жуық әрең бітеді. Сондайда «шіркін, гру­зин­дердегі үрдіс бізде болса ғой» дейсің: оларда біреу айтқан тілекті қайталау өте ұят саналады.
Бұл аздай, ендігіде қазақтың тойы «ше­неу­ніктің концертіне» ұласуға айналыпты. Барған жеріне өзінің «плюсовасын» ала барып, әлгіні қосып жіберіп, аузын жыбыр­лат­қанда, анау-мынау әншіңді жолда қал­ды­ратын шен иесін көргенде, «қап, өнер әлемі өз саңлағын жоғалтып жүр екен-ау» деп қаласың.
Әнші демекші, дәл бүгін шоу-бизнестің қамын жеп жүргеннен гөрі, той бизнесінің нанын жеп жүргендер көп екені даусыз. «Кімнің арбасына отырсаң, соның әнін айтасың» дегендей, той асыраушысы болған соң, әншілер де репертуарларын барынша тойға икемдеп, буын-буыныңа дейін билеп кететіндей әндерге көшкен. Соның әсерінен қазір сахна тойханаға айналып кеткен сияқты.
Тізе берсек, таусылмас. Алайда осының өзі оңай сын емес секілді ұққанға. Мұны реттейтін бірден-бір құзырет – мемлекетте. Яғни той туралы арнайы заң болмаса да, қаулы қабылданса игі еді. Шамадан тыс шашылуға тыйым салып, астамсыған бай мен тыраштанған кедейді бір ортақ тәртіпке бағындырар кез жеткендей.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста