"Тойдың королі" немесе Заттыбектің төлқұжаты – "Ақ маржан"

"Тойдың королі" немесе Заттыбектің төлқұжаты – "Ақ маржан"

Қоңыр даусымен әнсүйер қауымға жаққан, қарапайымдылығынан бір танбайтын әнші-композитор Заттыбек Көпбосынұлына қазіргі қалың тыңдарман «Тойдың королі» деген құрметті атақты қиған. Ес тоқтатқан жасында «Ақ маржанымен» ән әлемінің есігін ашқан дарын үлкен сахнада да өзіндік ор­нын тапқанына енді ешкім дау­ласпайды.
Бұл күнде Заттыбектің 50-ге тарта әні бар. Оның ішінде «Ақ маржаннан» бөлек, «Немерем», «Жаным», «Саған гүлім», «Балапан бақыт» әні кең таралды. Дегенмен, бастапқыда әншінің өзі емес «Ақ маржаны» таныл­ды. Той-томалақта делебе қоз­дыр­ған өзге халықтардың әндерін қуып шы­ғып, тойшыл қауымды шыр ай­налдырған «Ақ маржан» әнін шы­ғарған да, орындайтын да қарапайым ғана қазақ жігіті Көпбосынұлы екені көп ұзамай мәлім болды.
Әрбір әнін жүрекке жеткізіп айтатын Заттыбек бастапқыда терме жанрында көріне бастағанын көпшілік біле бермес. Бұл туралы өнер тақырыбын қаузап жүр­ген әріптесіміз Сәкен Сы­бан­бай: «Шын мәнінде, егер аталған ән­ші-композитордың шы­ғар­ма­шы­лы­ғымен жете таныс бол­саңыз, Заттыбек әндерінің бәрі­нің тойға ғана арналмағанын, оның репертуарында ойлы һәм мұңды шы­ғар­малардың да жеткі­лікті еке­нін аңғарған болар еді­ңіз. Дом­бырамен орындайтын тер­мелері де аз емес. Тіпті, әу баста ол Оңтүс­тік­те термеші ретінде та­ныл­­ған. Бірақ, байқасаңыз, көп­шілік бәрі­бір оның ырғақты әндерін жақ­сы көреді. Сондықтан да, елдің бәрі оны тойға шақырғыш. Ал тойда қай­сы­ңыз терме немесе баяу ән тың­дап отырғыңыз келеді? Кері­сінше, селкілдеп билеуге дайын тұрмайсыз ба? Ал сол талабымыз­ды орындап, соның үдесінен шығып жатқаны үшін Заттыбекті «тым тойшыл», «барлық әні тойға арналған», «аса байыпты композитор дей алмаймын» және т.б. деп сөз қылу орынды ма? Әрі-беріден соң тойда қазақты қазақ әнімен билетіп жатқандар – осы Заттыбек, Еркін, Қайраттар», дейді. Рас айтады.
Осы тұрғыдан алғанда әнші-композитор да той стилінде жазыл­ған әндердің көп екенін де жасырмайды. Өзінің айтуынша, тойға арнап жазып беріңіз деп өті­ніш айтатындар көп. Біразы той­дың қызметіне жарап та жатады. «Лирикалық, тақырыптық әндерім де бар. Бірақ көбіне тойға арналған әндерімнің тыңдар­ман­дары басымырақ. Әрі осы сарын­дағы әндерім тез танымал болып кете­ді… Әркімнің пікірі, талғамы әртүрлі. Өзімді жұлдызбын деп есептемеймін де. Ол туралы халық айтсын. Қанша өзіңді жақсымын деп санасаң да, біреуге жақпай қала­сың. Көптің көңілін табу, бәрі­нің жүрегінен орын алу мүмкін емес. Бірақ, қолымнан келгенше қарапайым болуға тырысамын», дейді Заттыбек.
Әу баста «Көгершін болып кет­кен­мін» деп жазылған бұл әннің сөзін жазған ақын Баян Бекетова. Осы кезге дейін ақынның алты кіта­бы жарық көріпті. Он сегіз өлеңі әнге ай­налған.
«1990 жылы Есенбай Дүй­сен­бай­ұлының редак­торлығымен «Үмі­тім» атты кітабым шықты. Осы кі­тапқа «Ақ маржан» аталып жүрген өлеңнің мәтіні де кірді. Алғашында екі өлең еді. Кейін ән авторы бір өлеңді шумағы, енді бірін қайырмасы етіп алып, біріктіріпті. Бұл өлеңді кезінде студенттер жақ­сы көріп, жаттап жүретін. Өлеңім арада жиырма жылға жуық уақыт өткенде қайта туғандай болды. Зат­тыбек ол кітапты ағасының үйі­нен тауып алыпты. Сөз танитын жігіт қой. Өлеңді бірден ұнатып, ән дү­ниеге келді. Заттыбектің өзі мені танымайды. Мені бұрынырақ өт­кен ақындардың бірі деп ойлапты. Ол кітапта суретім де басыл­маған. Заттыбектің орындауында халыққа бірден тарап кетті. Арада екі жыл өтіп, «Ақ маржан» алдымен Оңтүстікте хитқа айналды. Бір күні Шымкенттен Нұрлан Кенжебаев деген майор досым хабарласып, облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде мені кінәлап жазған материалдың бар екенін айтты. Сөйтсем, газет тілшісі Заттыбектен сұхбат алып, өлеңнің авторын сұрайды. Мені Заттыбек таппағанын, ал ақынның хабарласпағанын айтады, олар мені неге хабарласпайды деп кінәлайды. Қыста Заттыбек хабарласып, кіта­бым­нан алған төрт өлеңіме ән жазғанын айтып, Шымкентте өтетін кешке шақырды. Заттыбек билетті біреу арқылы беріп жіберді. Аяз болғанымен де, жас әншіге қолдау көрсетпек, жігер бермек ниетпен Шымкентке бардым. Адам көп жиналыпты. Залға кіргеннен кейін, құттықтау сөзім бар екенін айттым. Сол кезде әншімен алғаш рет таныс­тым. Одан кейін де композитор «Кімсің сен?» деген өлеңіме ән жазып хабарласты», дейді ақын.
– Баянның «Үмітім» кітабы қолы­ма 2004 жылы түсті. 2006 жылы мамыр айында ән жарыққа шықты да бірден таралып кетті. Бірақ, ол кезде мен орындаушы ретін­де танымал емес едім. Өнердегі ал­ғашқы төлқұжатым болған «Ақ маржанды» 2007 жылы жаңа жыл қарсаңында «Шаншар» әзіл-оспақ театрының концертінде шырқап, осы кезде өзім де көріне бастадым. Сол жылы «Жебе» студия­сында әнге шағын ғана кішкентай клип түсірілді. Клип бірден теледидарлардан тарап кетті, – дейді әнші.
Заттыбек әндері жұртшылық жүрегіне тез жетеді. Оның концерт­терінде халық сахна алдын­да, қатарлар арасында жапа-тармағай билеп те кетеді. Ал тойларда не бо­латынын өзіңіз шамалай бері­ңіз. Мұның бір сыры әндерінің әуенін­дегі әсерлілікте, ойнақы ырғақ­та десек, негізгі сыры адам жанындағы ең сәулелі сезімдерді оңай жатталатын сөзбен-ақ, тез есте қалатын сөзбен-ақ бейнелей білуінде дер едік. Мысалы, кім болса да немересін жақсы көреді, немересінен ештеңе аямайды, содан да Заттыбекке ыңылдай қосылып отырады:
Саған терді төгер ем,
Бар нәрсемді берер ем.
Оның бәрін аз десең
Жан беруге көнер ем.
Сен аман бол, немерем.
Мұндай ән хит болмағанда қайтеді енді?..
«Ақмаржан» әнін газет сайтын­дағы мақала тіркелімінен тыңдап, мәтінді оқи аласыздар.

Егемен Қазақстан

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста