Толқын Тұрарбек: Мені Төрештің анасы көріп, осы қызға үйленесің деген екен

Толқын Тұрарбек: Мені Төрештің анасы көріп, осы қызға үйленесің деген екен

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің жары Толқын Тұрарбек жарымен қалай танысқанын айтып, тойы неге кеш өткенін түсіндірді. Отбасылық сырлары мен естеліктері жайлы баяндады. Бұл туралы "Жұлдыздың жары" бағдарламасында айтылды.

Төреғали Төреәлінің жары Толқын Тұрарбек алғаш рет сұхбат берді. Әншінің жары әншімен қалай танысқанын, отбасылық жағдайы мен сырларын айтты.  

Толқын Тұрарбек жолдасының өте қызғаншақ адам екенін айтады. Себебі, қайын атасы да анасын әлі күнге қызғанатын көрінеді. 

“Бастапқы жылдары Төрештің мені қызғанатынын, сахнаға ән айтуға шыққалы тұрса да, маған хабарласып, қайда екенімді білгісі кеп тұратынын қабылдай алмайтынмын. Ол сенбестік емес, өз әйеліне деген қызғаныш сезімі екенін кейін түсіндім. Қазір түсіністікпен қараймын. Әлі күнге дейін видео немесе телефонмен хабарласып, қалымды сұрап тұрады. Сыртта жүрсе, алаңдайды. Қызғанады. Мен қатты қызғаншақпын деп айта алмаймын. Бастапқы уақыттарда Төрештің әншілігіне байланысты көп уақыт бірге өткізе алмадық. Сол кездерде Алладан бірге таң атырсақ, бірге таңғы шай ішсек деп тілеуші едім. Карантин уақытында дегенім болып, қанша уақыт бірге өткіздік. Балалары әкелерімен бірге қуанысып қалдық. Төреш өте балажан”, – дейді Толқын. 

Айтуынша, Төрешпен студент кезінен таныс. Екеуін айтыс табыстырды десе де болады. Ал әнші анасымен таныстырған уақытта енесі келінін бірден ұнатқан екен. 

“Төреш айтысып жүргенде мен көрермен болып баратынмын. Ол кезде тек сырттай білетін едік. Кейін інімнің тойына байланысты етене араласып кеттік. Алланың қалауымен бас қостық. Төреш 22 жас туған күнін жасағанда анасымен таныстырған еді. Сол кезде анасы “осы қызға үйленесің” деп кесіп айтқан екен. Мені бір көргеннен ұнатыпты”, – деді ол. 

Отау құрған жұп үйлену тойларын 3 жыл өткенде ғана жасады. Мұны біреу хайп десе, бірі ысырапшылдық деп сөз еткен еді. Алайда ерлі-зайыптының бас қосқан сәтте той жасамағаны белгілі болды. 

“Мені ата-анам қымбат Rixos мейрамханасында ұзатпақ болды. Бірақ Төреш “сені қарапайым ұзатсын. Кейін үлкен тойыңды сол мейрамханада жасап беремін” деген еді. Бірақ ол кезде жағдайы келмеді. Солай үш жыл өтті. Мен оған той жасамадың деп ренжіген емеспін. Ол уәдесін ұмытып та кеттім. Бірақ уәдесінде тұрды. Үшінші қызыма жүкті кезімізде тойымыз болды. Солай атап өттік”, – деді Тұрарқызы. 

Толқын ханым өзінің сыр айтатын құрбылары жоқ екенін, бар сырын енесі мен жолдасына ақтаратынын айтып қалды.

“Анамның да құрбылары жоқ. Бар сырымды анама айтамын. Сол кісіге ұқсаған шығармын. Одан кейін Төрешке айтамын. Құрбыларым жоқ. Менің ең жақындарым –солар. Анам екеуміз татумыз. Құрбымдай деуге болады“, – деді әншінің жары. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста