"Томирис" желіге жартылай жалаңаш суретін жариялады
Танымал актриса Әлмира Тұрсын теңіз жағасында жартылай жалаңаш жатқан суретін жариялап, елді шулатты. Әлмира сол суретін Instagram-дағы парақшасында жүктеді, деп хабарлайды Экспресс К.
Онда ол теңіз жағасындағы ыстық құмның үстінде суға түсуге арналған іш киіммен жатыр.
Көктемге 17 күн қалды. Сондықтан өз-өзіме жатып алып тамақ жеуді тоқтату керек деп жатырмын. Артық салмақпен барынша күресіп жүрмін. Таңертең 10 000 қадам жаяу жүремін. Ұннан жасалған тағамдар мен тәттіден бас тарттым. Би билеуге қайта ораламын, — дейді Әлмира Тұрсын.
instagram.com/almiratursyn
Актрисаның бұл әрекетін көрген желі қолданушылары оны сынап тастады.
Ұят-ай. Халқың көріп не дейді? — деп жазды желі қолданушылары.
Әлмира — Ақан Сатаевтың "Томирис" атты тарихи фильмінде басты рөлді сомдаған болатын. Бұл — оның үлкен кинодағы дебюты.