Тоқал алу тойына қош келдіңіз!

Тоқал алу тойына қош келдіңіз!

Қазақстанда қазір тоқал «темасы» қызып тұр. Турасын айтқанда «тоқал» десе жымыңдамайтын жігіт, елең етпейтін еркек қалмай барады. «Үйіңде екі әйелің болса ойран болар, екі сиырың болса айран болар». «Екі әйел алғанның дауы үйінде, жаман әйел алғанның жауы үйінде». Паһ-паһ шіркін! Айтады екен иә. Бұл дәу де болса тоқал алуға шамасы жетпегендердің шығарып алған әңгімесі-ау. Көре алмағандар қайтсін енді. Өзіміз ала алмағасын алғандардың шаужайына жармасу біздің сүйіп айналысатын жұмысымыз емес пе. Мұндайда қазақ «Ит үреді, керуен көшеді» деп жүре береді. Шамасы жеткендер алсын, онда біздің не шаруамыз бар... Жалпы «Алаш айнасы» сайты бұл мәселені де қаперде ұстауға белбуды. Құрметті сайт оқырмандары осы тақырыпқа байланысты алып-қосарларыңыз болса хабарласа жүріңіздер.
Жақында бір көкем келіншек әкелді. Келіншек болғанда керемет енді. Жап жас, тәрбиелі, әсіресе, үйдегі «ескі» жеңгемізге иіліп сәлем салғанын көрсеңіз... «Беташар» айтылып, кәдімгідей той өтті. Алғашқыда тосырқағаған асаба жігітті көкеміз арқадан қақты. Ақшасын төлесе «ешкіні апа, текені жезде» дейтін әдетіміз бар ғой. «Айналайын тойшы қауым, ағамыздың бір басы үшеу боп жатыр екен, осынау орасан зор қуанышқа орай мына зәулім ресторанда жайылған телегей-теңіз дастарханнан асап-асап дәм алып отырыңыздар» деп дем алмастан сайрады әлгі сабазың. Дөкейлер дүркірете қол соқты, тыңдаған жанның жүрегін суырардай жылы лебіздер түйдек-түйдегімен кетті. Тост арасында көзіне жас толып, орамалын қайта-қайта бетіне апарған «ескі» жеңгемді байқап қалдым. «Ее, байғұс-ай, екінші әйел болу оңай деймісің, ендігі күні не болар екен» деген аяныш сезімі алды–артыма қаратпай жанына дедектетіп апарды. Жұбатуға ыңғайланып: «Ал, жеңеше...» деп бастай бергенім сол еді: «Өй, қарағым сол, бұл қуаныштың көз жасы ғой, қолым ұзарып, арқа-басым кеңіп жатыр» деп бетіме жылы жымия қарағаны. «А-а-а... солай ма еді?!». Негізі ештеңеге таң қалмауға үйренгенмен дәл осы жолы қатты таң қалдым. Не деген кең пейіл, не деген идиллия! Жоғарыдағы мақалшылар қателесіпті. Пейілің дұрыс болса тоқал деген береке-бірліктің басында тұр екен ғой. Әкелеріміздің заманында «Әйел алсаң екеу ал, біреуі тұрар запаста» деген әзіл ән болды деп естігем. Сол арманға жету бақыты бүгінгі ұрпақ, бізге бұйырған екен, ал құтты болсын!
  Осындай көңілді ойлар қауашығыма қанша кірсе де еңсем көтерілмеді. Кілең ығай мен сығайлар жиналған осы тойдан мен біртүрлі... мұңайып қайттым. Көкемді қойшы, дәулеті, мал-мүлкі жетеді. Өзінің мақтанып айтуынша, жетпесе өкіметті тағы да жей салады. Ертең шариғатты, ананы-мынаны сылтау қылып, төрт әйел алса да оның қолын қағатын ешкім жоқ. Ал қарапайым тірлік кешкен, пәтерден пәтерге көшкен, тапқаны қапқанына жетпейтін «кедей-кепшік» қайтпек? Бабамыз найзаның ұшымен, қылыштың күшімен қорғап қалған мына ұланғайыр қазақ даласын ұрпақпен толтырмаса ертеңгі ел тағдыры не болады? «Теңімді таппадым» деп, ерге шықпай жүрген жүздеген мың бойжеткендердің бір «мүмкіндігі» осы емес пе?..
Менің жаһандық ауқымда ойлай алатын миыма кіріп-шығып жатқан ақпараттардан бейхабар зайыбым кенет иығымен түйіп кеп қалды. «Әй, неғып үндемей келесің, тіліңді жұтып қойғандай? Әлде ана ағаң құсап сенің де тоқал алмақ ойың бар ма? Сен әуелі бір әйеліңді асырап алсаңшы, қарашы мұның кереметін!». Көзі ежірейіп, беті бедірейіп кеткен. Біреу шабыма шоқ салғандай шоршып түстім. «Жоғааа, қайдағыны қозғап... Өй, не болды сонша... мен бірдеңе дедім бе саған» деп міңгірлеп барып басылдым. Содан бері тоқал алатын тойға бармаймыз. Көңіл-күйді түсіріп не керек...Қолыңыздан келсе сол тойға сіз-ақ барыңыз, тоқалды сіз-ақ алыңызшы...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста