Тоқтар Серіков көп әйел алғысы келетін азаматтарға ақылын айтты
Бар уақытын отбасына арнайтын танымал әнші Тоқтар Серіков көп әйел алғысы келетін ер азаматтарға өз ақылын айтты деп хабарлайды Instagram-дағы qaz.stars парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Әншінің сөзінше балаларын, қызын жылатқан адам өмірде оңбайды.
"Үйленсін. Екінші әйел, үшінші әйел алсын. Бірақ, біріншісін тастамасын. Үшінші әйел алса, екіншісін тастамасын. Шама жеткенше солай істеген дұрыс. Баласын, қызын жылатқан адам өмірде оңбайды. Мен соны білемін", - дейді ол.
Желі қолданушыларының бірі жұлдыздың сөздерін құптаса, бірі наразылығын білдірді.
"Менің күйеуім байып жатсақ тоқал емес, бала асырап аламыз" деп айтады", "Орынды сөздер. Бала-шағасын тастаған әке оңбайды", "Алла разы болсын! Көпті көрген ер азамат қой", "Бай болып, күйеуім тоқал алғанша қарапайым, бірақ бақытты өмір сүргеніміз артық", - деп жазды желі қолданушылары.