Тоқтар Серіков ұлдарының өнер адамы болғанын қаламайтынын айтты

Тоқтар Серіков ұлдарының өнер адамы болғанын қаламайтынын айтты

 Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиеваның өнердегі жолы халықтың жадында болғанымен, жұлдызды жұптың балалары жайлы көп жерде айтыла бермейді. NUR.KZ тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген әнші, тұңғышы мен егіз ұлдары туралы алғаш рет тың ақпараттармен бөлісті.

«Мен үлкен ұлымды көп қадағалаймын. Менен әлдеқайда армандары биік. Мен бала күнімде ондай армандарды ойламағанмын. Мүмкін қабілетім болмаған шығар. Оның ойы мемлекетке, болашақта қазақ еліне жұмыс істегісі келеді. Мысалы бір ғана нәрсені айтайын. «Әке, менің қолымнан келсе, кейін Қазақстанда арақ сатылмайтын қылатын едім» - деп айтты. Бұл сөзді біз үлкен азаматтардың аузынан ести алмай жүрміз. Жүрегім ауырды, көзіме жас тығылды», - дейді Тоқтар Серіков.
Айта кетейік, үлгілі отбасының үлкені Беколжас бүгінде 11 жаста болса, егіз атұстары Әлинұр мен Сағинұр 2015-ші жылы дүниеге келген. Әншінің сөзінше, кіші мұрагерлері өнерге құштар көрінеді.

«Егіз ұлдарым өнерге жақын болып өсіп келеді. Бірі әнші, бірі биші. Егіздің біреуі бар Әлинұр деген. Ол өте мықты. Қазірдің өзінде өлең айтады. Дауысы сондай әдемі. Шыңғырып тұрып айтады. Біз оны «кішкентай Димаш» дейміз. Үйде бізді шыңғырып оятады. Кешке дейін өлең айтады. Екеуінің бар ойы домбырада. Үйдегі барлық домбыраларды сындырып болды. Мен нота ести білемін ғой. Дауыстары бар құдайға шүкір», - дейді жұлдызды әке.

Бірақ Тоқтар қос ұлы әке жолын таңдап жатса, қарсылық білдірмек. Өйткені халықтың әрдайым назарында жүретін өнер адамдары жиі сынның садағына ілініп, дау-жанжалдан көз ашпайды деп отыр. Тіпті әншінің бұл сөзіне келтірер дәлелі де бар көрінеді.

«Өнерді өз басым қатты қаламаймын. Өнер деген орда өте қиын нәрсе. Біз туралы айтылмай жатқан әңгіме аз болып жатқан жоқ. Мысалы бір Төреғалидың өзі. Бір қателесіп еді, қаншама артынан сөз ерді. Сабадық, қамшыладық бәріміз. Жеке жерде де айттық. Телеарналардан да айттық. Сол сияқты сөздің жүрмейтін жері жоқ. Мен содан қорқамын. Өмірде барлығы біз сияқты бола бермейді ғой», - дейді Тоқтар.

Сондай-ақ, Серіков баласынан «жұлдыз» жағуға құштар ата-аналарға өкпелі. Тез танылуды көздеп, табысқа кенелуді күйттейтін әкелерге Тоқтардың айтары бар.

«Баласы әнші болып кетсе, бизнес жасағысы келеді. Шоу-бизнесте қомақты ақша жинап аламын деп ойлайды. Жоқ, олай емес! Оған үлкен еңбек керек. Алладан берілу керек. Алла тағала адамның қанына сіңіріп берсе, өнер адамы сол кезде шығады. Ал бір мұғалімнен, екінші мұғалімге апарып, әнші қылдырамын десе, ол қисынсыз дүние», - дейді Серіков.

Тоқтар Серіков ұлдарының өнерден гөрі, өзге салада білім алғанын қалайды. Мәселен, жұлдызды жұптың үлкен ұлы дарынды балаларды даярлайтын мектепте оқып жүр.

«Менің мектепте бір сабақтан ғана ақсағаным бар. Ол математика пәні. Қазақ тілі мен әдебиетін шемішкеше шағып, Қазақстан тарихынан хабарым болса да, осы математикаға салғырт қарадым, шет тілдерін меңгеруде нашар болдым. Қазір соның зардабын шегіп жүрмін. Қатты күйзелемін. Қазір балаларым менің қателігімді қайталамасын деп, үлкен ұлымды математиканы тереңдетіп оқытатын мектепке бердім. Сабағы өте жақсы. Егіз ұлдарымды да сол апайларына оқытсам деген арманым бар. Себебі 4-ші сыныпта оқитын баламның сабағын тексерсем, менің миым жетпейді. Мен шатастырып жібереді», - дейді әнші.

NUR.KZ

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста