Тоқтар Төлешовтің тоқалы ұл тапты (фото)
Тоқтар Төлешов ұлды болды. Төңкеріс жасамақ болған, деп 21 жылға сотталған Төлешовтің тоқалдарының арасындағы ең танымалы — Дина Нұралиева, қараша айының басында, шекесі торсықтай ұл сыйлады.
Нәресте 4 келі 100 грамм салмақпен дүниеге келген. Дина баласының есімін Дияс деп атаған. Бұдан бөлек олардың 6 жасар қыздары бар екені белгілі.
Сондай-ақ, бұл жолы ол шетелдің атақты медициналық орталықтарында емес, Шымкент қаласындағы мемлекеттік перзентханалардың бірінде босанған. Сот үкімі жақындағанда күйеуіне ұл сыйлаған Нұралиева, жүктілігі жайлы қаңтар айының соңында болған күйеуінің қамауынан кейін ғана білген, десеседі.
Дина Нұралиева «Қазақстан аруы — 2005» атағына ие болған. 2009 жылғы «Әлем аруы» байқауында топ-16 арудың тізіміне кірген.
Дизайнерлік қырынан танылып үлгерген Нұралиева ханымның бүгінде Шымкентте Италиядан әкелінетін бірнеше сән бутиктері жұмыс істейді. Ол Шымкент қаласының орталығында орналасқан өзінің зәулім сарайында тұрып жатыр.
Ақпарат көздері Тоқтар Төлешовтің төрт әйелінен 13 баласы барын жарыса жазған болатын.