Тоқымашы қыздар таңғалдыруда
Бүгінгі таңда қолөнер бұйымы ХХІ ғасырдың таңғажайып дүниесіне айналып барады. Тоқу ілмегімен майлықты қалай тоқуға немесе дастарханды кестелеп қалай тігуге болады? Шеберлікті мектепте үйрете ме, үйде... Жоқ, әлде? Өйткені қазіргі заманда әйелдердің қолөнермен айналысуға уақыттары жоқ десе де болады. Сондықтан балаларды сәндік-қолданбалы өнерге баулитын үйірмелердің жұмыс істеп тұрғаны көңіл қуантады.
Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданындағы Қыземшек кентінде балалармен бұл бағытта сабақтар «Қазатомөнеркәсіп-Демеу» ЖШС қолдауымен тегін жүргізіледі. 7 жастан 16 жасқа дейінгі 50 қыз бала «Демеу-Қыземшек» филиалының «Оазис» мәдени-спорт кешенінің «Қолөнер» топтарына қатысады. Топтарда сабақты дипломды маман Гүлнұр Кабулова жүргізеді. Ол «Қазатомөнеркәсіп-Демеу» ЖШС әлеуметтік компаниясында үйірме жетекшісі болып бес жылдан бері жұмыс істеп келеді. Еңбегі өз жемісін беріп те келеді, оның жетекшілігімен шығармашылық қолөнер шеберханасының тәрбиеленушілері өз қолдарымен 200-ден астам әртүрлі майлықтарды, 300 қолөнер бұйымдарын, 10 тұс кілемдерін, 200 жұмсақ ойыншықтар, 500 моншақтан жасалған бұйымдар мен тағы да басқа көптеген қолөнер бұйымдарын жасаған. Балалар бірнеше жылдап қатысатын «Қолөнер» үйірмесінің топтарында берілетін тапсырмалардың күрделілік деңгейі тұрақты өсіп отырады. Әрине олар бірінші ең қарапайым – ұсақ бұйымдарды, кесте, киім тігуді меңгерсе, уақыт өте келе балалар күрделі өнер – тұс кілем тоқуы қолға алады. Жұмыстардың бір бөлігі көрмелерге қойылатын экспонаттар ретінде үйірме бөлмесінде қалады. Бұл шығармашылық шеберхана барлық республикалық мерекелерге, «Оазис» МСК көрмесінде көрсету үшін жаңа бұйымдар дайындайды.
2011 жылы өнерлі балалар Г. Кабулованың жетекшілік етуімен аудан орталығында (Шолаққорған ауданы) өткен «Теріскей таланттары» фестиваліне қатысып, көрермендерді қолөнер бұйымдарының тамаша көрмесімен таңғалдырды. Олардың белсенді жұмыстары үшін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы В.С. Школьниктің атынан алған көптеген мақтау қағаздары мен алғыс хаттары бар.
«Қолөнер» үйірмесінің тұрақты қатысушысы Аяулым Нұрмаханның айтуынша, Гүлнұр Кабулованың дәрістері әрдайым қызықты өтеді. Әсіресе үйірмеге қатысушыларға моншақтан әртүрлі әшекейлерді өру және дүкеннен сатып ала алмайтын заттарды өз қолдарымен жасау ұнайды.
Қолөнер ұсақ моториканың, ал қолды дамыту – сөйлеу мен ойлаудың дамуымен тығыз байланыста. Демек, қолөнермен айналысу тек қызықты ғана емес, пайдалы да. Қазір шебер қолдар Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамына орайластырылатын үлкен көрмеге дайындық үстінде. Олардың жұмыстарының бір бөлігі биылғы жылы наурыз айында Астанада өтетін «Қазатомөнеркәсіп-Демеу» ЖШС көрмесіне жіберілетін болады.