Төреғали павлодарлық қарияның "жазасын берді" (ВИДЕО)
"Сен шығамын дегенше мен Nur.kz-ке шығып кеттім, "Қатемді кешіріңдер" деген ән шығып кетті. Шәй шығып кетті, парфюм шығып кетті, кино шығып кетті..." - деп өзін жарнамалады үлкен кісіге "сенсіреген" әнші.
 
Әнші Төреғали Төреәлі Павлодарда өткен концертінде өзін "масқаралаған" қарияның "жазасын берді". Ол "үлкен кісіні" ұстап алып, қолын байлап, өзінен кешірім сұратқызған видеоны әлеуметтік желіге жүктеген, деп хабарлады paryz.kz.
 
Әрине, бұл бейнематериалды олар Жандарбек Бұлғақовтың "Soz менеджменті" атты кітабын жарнамалау мақсатында әзіл ретінде түсірген.
 
"Бауырым, қанша керек? Мені шығарып жіберіңдерші" дейді "үлкен кісі". Ал әнші бұл кісі залдан шығып кеткенше өзі туралы біраз жаңалықтар шығып үлгергенін айтты.
 
"Сол кезде шығып кету керек еді дә, ата. Концертте. Залдан шығып кетсін ба дедім ғой. Сен шығамын дегенше мен Nur.kz-ке шығып кеттім, "Қатемді кешіріңдер" деген ән шығып кетті. Шәй шығып кетті, парфюм шығып кетті, кино шығып кетті. Оны қоя беріңдерші, "Soz менеджменті" деген кітап шығып кетті ғой. Сіз сол кітапты алып оқысаңызшы. Өзіңіздің жасыңызға сай сөйлейтін боласыз. Концерт деген той ғой. Тойға келіп, үлкен кісілер батасын береді. Қалған қырғын төбелесті бізге қалдырмай ма, жастарға? Шығып кетсін бе, ағайын?" - деді әнші.