Төреғали Төрәлі ұлына ерекше есім берді

Төреғали Төрәлі ұлына ерекше есім берді

Үш қыздан кейін зарыға көрген ұлына әнші Төреғали Төрәлінің қандай есім бергені белгілі болды. Танымал қазақ әншісі Төреғали Төреәлінің отбасында үш қыздан кейін ұл бала дүниеге келді. Әртіс ат ұстар перзентіне Төренұр деген ат қойған.

Бұл туралы Анна Данченко есімді Instagram қолданушысы жеке парақшасында жазыпты."Төрәлі тегі ТөреНұр Төреғалиұлының дүниеге келген күні тағы да құтты болсын!" - деп хабарлады отандық арнадағы бағдарламаның жүргізушісі.

Қазақстандық әртістер балаларына қандай ерекше есімдер қойып жүр?

Төрт баланың әкесі атанған әнші Төреғалидің қуанышында шек жоқ. Атқа мінер баласын өмірге әкелген жан жары мен "ұлды бол" деген тілекші халқына алғысын білдіріп, өлең жолдарын арнаған.

"Үш қыздан соң Құдайым ұл беріпті, Қалсын деп артымыздан жалғанып із. Сансыз шүкір, мақтау мен мадақ болсын, Қалайша ұмытайық Алланы біз! Барған жерде ұлды бол деп жатушы еді, Ақ бата беріп кемпір-шалдарымыз. Сол елдің ақ тілегі қабыл болып, Мінекей орындалды арманымыз", - деп жазды әнші желідегі парақшасында. Айта кетсек, 26 жастағы әртістің Томирис, Тоғжан және Фатима есімді қыздары бар.


 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста