Төреғали Төреәлі "Ринат Зайытов Назарбаевтың адамы екен" (видео)

Төреғали Төреәлі "Ринат Зайытов Назарбаевтың адамы екен" (видео)

Қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі Ринат Зайытов туралы пікірін білдіріп, тіпті оның сөзінен ұстазым деген Ринаттың көлеңкесінде қалып қойғаны туралы өкінішін білуге болады. Ғаламторда әншінің кезекті бір кездесуінде болған әңгімесі тарап кетті. Онда кездесуге келгендердің бірі әншінің ақын Ринатқа қатысты ойын білмек болып, сұрақ қояды.

- Маңызды сұрақ екен, орындыдан бұрын. Ринат - менің айтыстағы ұстазым. Айтысқа келіп, айтыста қалай шоу жасау керектігін, құпияларын, сырларын барлығын ашып айтқан. Айтыста мынандай сөз айтсаң деп бағыт берген ұстазым Ринат Зайытов болған. Кейіннен мен айтыстан кеттім деп екі қолымды сілтегенде бір-бірімізді түсіне алмай жүрдік.

Қазір жақсы арамыз. «Халық айтса, қалп айтпайды» дейді. Кейде өсек-аяңдар жылдам болып кетеді ғой. Осы жерде мен қазір "Ринат негізі мынандай екен ғой" деп сыбырлап айтсам, мына жерде 100 адам отырса, мен Алматыға жетем дегенше мың шақты адам естіп қояды оны. Мысалы үшін «Ринат Назарбаевтың адамы екен, әшейін сөйтіп жүр екен ғой» десем мың адамға тарайды...»-деп ойын айтқан әнші қойылған сұрақтан кішкене ауытқыса керек, көрермен «Ринатты шындықты айта алатын адам деп санайсыз ба?» деген сұрағын қайталады. Бұл сауалға Төреғали Төреәлі өзі де айтыста жүріп талай шындықты айтқанын, тек Ринаттың көлеңкесінде қалып қойғанын жасырмады.

- ...Мен де айтыста шындықты аз айтқан жоқпын. Мен қатысатын айтыстарға Ринат та міндетті түрде болатын. Екеуміз бірге дайындалатынбыз. Мен оның көлеңкесінде қалып кететінмін... Мені ешкім байқамайтын, мен шындықты айтып-айтып кететінмін. Ринат шыққан кезде халық басқаша болып, менің айтқаным ұмытылып кетеді. Ринаттың көп жеріне менің қатысым бар. Әлі күнге дейін өзіміз күліп те айтамыз..,-деген ол шындықты айтқан жылдары ол қысым көрмегенін, мүмкін оған Зайытовты өзі қорған болған шығар деп тон пішкен. Сонымен қатар жас әнші белгілі ақын Бауыржан Қалиоллаұлына қатысты оқыс оқиғаға жайында да пікірін білдірген.

- Бауыржан Қалиоллұлы деген ақынды білесіздер ғой. Артынан пышақтап, атып кетті деп... Кім біледі сол айтыстан кейін өзі ішіп алып төбелесті ме?.. Содан кейін халықты биліктен көре салады деп ойлады ма? Кім біледі?.. Шындықты айтқан жақсы ғой, -деп ойын түйіндеді ол. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста