Төреғали Төреәлінің келіншегі оны "көңілдесімен ұстап алды" (видео)
Төреғали Төреәлі айрықша бейнебаян түсіріп, тыңдармандарын таң қалдырды. Бұл жолы әнші өзімен бірге әйелі Толқын түскен "Уәде қайда?" әніне түсірілген бейнебаянда жұбайының көзіне шөп салған ер адамның образын сомдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. . Newtimes.kz-ке сілтеме жасап.
Өнер иесі жаңа әнді жас әнші Диана Исмаилмен бірге орындаған.
"Диана — өмірдегі әрі сахнадағы жақын досым. Бірде студияға келгенімде, музыка ойнап тұрды, мен бұл әнді кім орындап жатыр деп сұрадым. Маған әнді әрлеуші Диана деп жауап берді.
Мен оны шақырып алып, «біз сенімен дуэт жазамыз» дедім. Сондай шешімге келіп, тарастық. Айтқан сөз – атылған оқпен тең емес пе?
Ол жақында маған хабарласып: "Аға әнді қашан жазамыз, маған уәде берген едіңіз ғой» деді. Ал мен шынымды айтсам ұмытып кетіппін. Сөзімде тұруға тура келді, сөйтіп дуэт болып, бейнебаян түсірдік", - деді әнші.
Белгілі клипмейкер Мерей Маханов түсірген бейнебаянда Төреғали әйелінің көзіне шөп салған азаматтың рөлінде болады. Онда әншінің сүйіктісі – Диана Исмаил болса, әйелі болып өнер иесінің өмірдегі жары – Толқын Мырзақайымова ойнайды.
Айта кетейік, бұған дейін Төреғали Төреәлінің басы бірнеше рет дауға қалған еді.
Атышулы әншінің Павлодардағы концертінде қарияға анайы сөйлеп, көптің ашуын тудырған болатын.
Концерттің екінші күні эстрада жұлдызы тікелей эфирге шығып, аталған әрекеті үшін бәрінен кешірім сұрады.
Бұдан бөлек, Төреғали Төреәлі Шымкентте тілшілердің біріне сұхбат бермей, тіпті әкесі екеуі ашуға салынып, жекіп тастаған еді. Кейін белгілі болғандай, өңірдегі тілші әншіден тек көзілдірігін шешіп, камера алдында жөнді тұруын өтінген болып шықты.
Сол сияқты әнші "Эйр Астана" ұшағына билетсіз кіріп, тағы да сынның астында қалған болатын. Кейін, оның ұшаққа жолаушы ретінде емес, әйелі мен балаларын шығарып салушы адам ретінде енгені анықталған.
KAZ.NUR.KZ.