"Түбі ашылатын бір шындық бар": Ақбота Керімбекова Майғазиевке қатысты пікірін айтты

"Түбі ашылатын бір шындық бар": Ақбота Керімбекова Майғазиевке қатысты пікірін айтты

Жыл бойғы мәдени іс-шаралар өткізуге бөлінген 572 миллион теңге қаржы дауы толастамай тұр.

 

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

 

Әнші Ақбота Керімбекова өнердегі әріптесі Сәкен Майғазиевке қолдау білдірді.

 

"Қазіргі қоғамда кешегі ел сүйкімдісінің болмысын “бүгіншелеп” сүреңсізге айналдыру тенденциясы белең алып бара ма, қалай өзі?!. “Біздің сапқа” Сәкенді де қосыпты.

 

Басқа-басқа, Сәкенді мен білемін, мен танимын!.. Сөзім жоқ!.. Аңғал ақ Сәкенді де өкпеге қиғаны өкінішті!..

 

Әнші-әртіс байғұс түскен суреті, ішкен асы, киген киімі, “тиген байы”, “алған қатыны”, тағайындалған қызметі, оның бер жағы ел деген еміренісі үшін “дұшпан”, “ата жау”!.. Қашанға дейін?! Келесі қай мамандық өкілін “күндеу каленьдарына” белгілеп отыр екен мына қоғам?..

 

Сәкеш, Құдайымызға түзу болайық! Баласындай баптап жатқан да, табанға салып таптап жатқан да өз Қазағымыз ғой... Не дей аламыз?.. Жоқтаудың үні қалып қойған құлақтарды әсем әнімізбен жұбатайықшы деген ойымызды да дұрыс көрмеді-ау!..

 

Күндесе де өз Қазағымыз күндесін, қараласа да өз Қазағымыз қараласын, көтереміз!.. Қайтеміз енді?.. Тәуекел!

 

Түбі ашылатын бір шындық бар, сабырлы болайық, ағайын!", деп жазды әнші.

 

"АЛЛА разы болсын, Боташка", деп Сәкен Майғазиев өзін қолдаған әріптесіне ризашылығын білдірді.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста