Түбі бір түркі елдері театр фестивалінің түндігі түрілді

Түбі бір түркі елдері театр фестивалінің түндігі түрілді

Алматының мәдени өмірі дәл қазір қарқынды қозғалыс үстінде. Мамырдың 23-25-і аралығында үш күн Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында режиссер Т.Теменовтің қоюымен Шыңғыс Айтматовтың «Шынарым менің, шырайлым» спектаклінің тұсаукесері болса, енді қазақ театрларының қара шаңырағы М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрында Орталық Азия мемлекеттерінің ІІІ Халықаралық театрлар фестивалі өтіп жатыр. 26-30 мамыр аралығын қамтитын бұл мәдениет мерекесінде түбі бір түркі жұртының театрлары бас қосты.

Фестивальдің ашылу салтанаты әкемтеатрдың ауласында болды. Театр есігіне бастайтын баспалдаққа қарай ұзыннан-ұзақ төселген қызыл кілем үстімен шеру жасап өткен фестиваль қонақтарына қара мәрмәр тағында отырған Мұхаң маңғаздана қарап отырғандай әсер қалдырды. Салтанатты шеру көшін көршілес Өзбекстан Республикасының Сурхандария облыстық Маннон Уйгур атындағы музыкалық театры бастап, соңынан Камола Худжани атындағы Тәжікстан Мемлекеттік музыкалық комедия театры, Т.Абдумомунов атындағы қырғыз ұлттық академиялық театры, сондай-ақ еліміздің басқа өңірлерінен келген, атап айтқанда, Батыс Қазақстан облыстық Қазақ драма театры, Н.Бекежанов атындағы Қазақ музыкалық драма театры, Оңтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театрлары ілесті. Сондай-ақ бұл байқауға елордадан Астана қаласының Жас көрермендер театры келсе, Алматы театрлары атынан Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры қатысуда.

Мұндай руханиятқа нәр берер үлкен шараны ұйымдастырып отырған ҚР Мәдениет министрлігі болса керек. Бір қызығы, фестиваль кенеттен орын алды. Тіпті оның болатынын өзге түгіл, өнерде жүрген қайраткерлер мен мәдениет өкілдерінің өзі небәрі бір-екі күн қалғанда ғана біліп, аң-таң қалған. Қазақстан театры қайраткерлері қауымдастығының төрағасы Тұңғышбай әл-Тарази ағамызға хабарласқанымызда: «Мен өзімнің бұл фестиваль қазыларының арасында бар екендігімді енді білдім, негізі, бұл біз ұйымдастыратын-ақ шара еді», – деп айтып салды. Ал енді ашылу салтанатына келген ҚР мәдениет министрінің орынбасары Асқар Бөрібаев мынадай сөз сөйледі:

– Қазақстан Орта Азия елдері ішіндегі рухани біріктіруші белсенді күшке ие. Көршілес елдермен өзара түсіністік пен келісімге толы арақатынастың дамуына біздің Елбасымыздың жүргізіп отырған интеграциялық саясаты жақсы жағдай туғызып отыр. Соның арқасында еліміз 2006 жылдан бері, міне, үшінші рет туыс бауырларды Алматыда құшақ жая қарсы алып отыр. Өткізілген форумдар елімізді тек театр өнерінің жетістіктерімен таныстырып қана қойған жоқ, сондай-ақ елдер арасын біріктіруде мәдени көпір де бола алды. Сондықтан да біз бүгін еліміз мәдениетінің болашағынан зор үміт күте аламыз. Үлгі етерлік үрдіске айналған үш күндік фестивальде Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстаннан – барлығы тоғыз театр ұжымы өздерінің озық өнер туындыларын ортаға салмақ. Және айтарым, олар өзінің кәсіби даярлығына сай биік бағасын алады.

Биыл фестиваль әділқазыларының құрамы мынадай тұлғалардан тұрады:

Әділқазылар төрағасы – Түркия Республикасы Кония қаласының мемлекеттік театрының директоры, актриса София Домирис Дурсун;

Қырғызстан Республикасының Халық әртісі Ақылбек Әбдіхалықов;
Қазақтың М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрының директоры, Қазақстанның Халық әртісі, режиссер Есмұхан Обаев;

ҚР Театр қайраткерлері одағының төрағасы, Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тұңғышбай Жаманқұлов;
Тәжікстан Республикасы ғылым мен техника саласының еңбек сіңірген қайраткері, тарих ғылымының докторы, профессор Ибраһим Усманов;

Өзбекстан Республикасы ұлттық көркемдеу институтының проректоры, өміртану ғылымының докторы, профессор Дильфуза Рахматуллаева.

Ашылу салтанатынан кейін фестиваль шымылдығын алғашқы болып Астана қаласының Жас көрермендер театры Әбіш Кекілбайдың «Ханша-дария хикаясымен» ашты. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Нұрқанат Жақыбайдың режиссерлігімен қойылған бұл туынды – жарты әлемнің әміршісі Шыңғысхан мен оның түбіне жеткен Таңғыт тайпасы жайлы.

 З0 мамыр күні таңертең сағат 10.00-де Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы У.Шекспирдің «Отеллосымен» фестивальдің шымылдығын жапса, кешкісін ресми жабылу соңынан қонақтарды ҚР мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед арнайы дастарқан жайып күтеді.

Фестиваль репертуары:
27 мамыр

 10:00-де жапон халқының аңыз-әңгімесі бойынша жазылған «Такуми и Цуру» қойылымы, Оңтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театры;
14:00-де Э.Олбидің «Зоопарктегі оқиға» қойылымы, Батыс Қазақстан облыстық Қазақ драма театры;
18:00-де Н.Табаровтың «Утоление жажды» қойылымы, Камола Худжани атындағы мемлекеттік музыкалық комедия театры – Тәжікстан Республикасы;

28 мамыр
10:00-де А.Ашири, К.Абдрасулов «Индикут», К.Қожамьяров атындағы мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры;
18:30-да Х.Хурсандовтың «Қыңыр шал» қойылымы, Өзбекстан Республикасының Сурхандария облыстық Маннон Уйгур атындағы музыкалық театры;

29 мамыр
10:00-де Р.Отарбаевтың «Мұстафа Шоқай» қойылымы, Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры;
14:30-да Ш.Айтматовтың «Қызыл орамалды шынарым» қойылымы,    Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік акодемиялық балалар мен жасөспірімдер театры;
18:30-да Ш.Айтматовтың «Шыңғысханның ақ бұлты» қойылымы, Қырғызстанның Т.Абдимомунов атындағы қырғыз ұлттық академиялық театры.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста