Түбі бір түркі жұрты
Ардақты алаш оқырманы!
Біз өздеріңізді түркі халықтарымен тұрақты таныстырып келеміз.
Бүгін өзін әлемдік қауымдастыққа мойындата алған түркі мемлекеттері туралы айтпақпыз.
Түркi халықтарына ортақ арнайы санақ жүргізілмегендіктен, дәлме-дәл деректер табу да қиынға түсті. Сондықтан біз мейлінше ең соңғы мәліметтерді іріктеп беріп отырмыз.
Жоғарыдағы кестеге сүйене отырып есептер болсақ, түркі мемлекеттеріндегі халықтың жалпы саны шамамен – 171 миллионды құрайды екен. Ал жер бетіндегі түркілердің жалпы саны 200 миллионнан асатынын газетіміздің өткен сандарында айтқанбыз.
Бір қуанарлығы, түркі мемлекеттері өзара да, басқа елдермен де тығыз қарым-қатынас жасап, жылдан-жылға экономикалық әлеуетін арттырып келе жатыр. Тек қана шешілмей тұрған ең бір түйінді мәселе – ортақ саяси көзқарас, ортақ ұстаным мен біртұтас бауырластық мүдденің қалыптаспай тұрғандығы.
Талай зиялылар армандап өткен түркілік асыл мұраттың бір арнаға тоғысар күні жақын болғай!
«Жалғыз жүріп жол тапқанша,
Көппен жүрiп адас»
Қазақ нақылы