Туған әпкемнің ауруы намаз оқуыма себеп болды - Құрмаш Махан

Туған әпкемнің ауруы намаз оқуыма себеп болды - Құрмаш Махан

Әнші, композитор Құрмаш Махан дін жолына қалай келгенін әңгімеледі. Айтуынша, бес уақыт намаз оқуына әпкесінің дерті себеп болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Нартай Аралбайұлының YouTube арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Айтуынша, 1992 жылы ол әскерден оралғанда отбасы мүшелері түгелдей намазға жығылған. 

"Туған әпкем бала кезінен аурушаң болды. Қайта-қайта емханаға жата беретін, әке-шешем әбден қиналды. Біреулер ол "психологиялық ауру" деді. Ол кезде емші-тәуіп деген бірең-сараң, сондайларды аралаған кездері болды. Әсіресе, анамның баспаған тауы қалмады. Сондай кезеңдер менің де көз алдымнан өтті. Әпкем үшін менің де жүрегім ауыратын. 

Мен есейіп, мектеп бітіріп, әскерге кететін кезде әпкем өзі кірісіп, соның жауабын іздей бастаған. Неге ол ауырады? Неге ондай нәрселер оның басынан өтіп жатыр? - деген сауалдардың жауабын білу үшін... Мен әскерден келгенде үйдегілердің бәрі намазға жығылған. Әпкем бәрімізден бұрын Аллаға құлшылық адамның ең бірінші парызы екенін түсінді. Бәріміздің дұрыс жолға келуімізге себепші болды. Құдай өзін қалаған құлын дұрыс жолға саламын десе, салады. 


Оның өзінде, мен дұрыс жолда келе жатырмын деп айта алмаймын. Бірақ дұрыс жолдағы Алланың парыздары мен сүннеттерін орындауға тырысып жүрген пенделерінің бірімін", - деп түсіндірді Құрмаш Махан. 

Stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста