"Туған ата-анамдай": Әлия Әнуарбек алғаш рет көпшілікке ата-енесін көрсетті (фото)
Жақында ғана жолдасынан айырылып қалған актриса Әлия Әнуарбек желіде күніге оған қатысты жазбалар жариялап, өз сағынышын жеткіздуде. Өнер иесі күйеінің мезгілсіз қазасынан кейін жағдайымен бөлісіп, алғаш рет қалың көпшілікке ата-енесін көрсетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әлия Әнуарбектің айтуынша, жанұясында орын алған қайғылы жағдайдан кейін жолдасының ата-анасы оған барынша қолдау көрсетуде. Олар ұлдарын мәңгі сапарға аттандырса да, немерелері үшін мықты болуға тырысып жүр деді актриса. Отандық кино саласының жұлдызы Instagram парақшасында тағы да бір әсерлі жазба жариялап, желі оқырмандарымен отбасылық мұрағаттағы суреттермен бөлісті. "Менің жағдайым жақсы және солай болып қала береді.Мен өзім және балаларым үшін барынша мықты болуға тырысатын боламын. Олар мені алға жетелеуші және өмір сүруге ынталандырушы күш. Олар көңілді аулап, адамды күлдіртіп көңілді көтереді. Қайғылы жағдайларды ұмыттырады. Біз бұл қайғыны бірге еңсереміз. Сен өз артыңнан жарықты, жақсы естеліктерді ғана қалдырдың. Әзірге өмір ағынымен күн кешудемін. Ешқандай өзгерістерге бас ұрмадым. Әр күніме жолдасым секілді қуануға тырысудамын. Ол Алла тағаланың әр сыйына риза болған адам еді. Ата-енем өздері жалғыз қалғанда жан дүниелеріде не болып жатқанын ойлаудың өзі қорқынышты. Алайда, олар өздерін жақсы ұстап жүр. Олардың мұндай күшін аса мақтан тұтамын. Мен олардың асқан төзімділік танытып жүргені үшін алғысым шексіз. Олар балаларға және маған аса қатты қажет. Біз оларды қатты жақсы көреміз. Олар ұлдарының өмірінің жалғасын менің қыздарымнан көреді. Мен оларға бірінші кезекті денсаулықтарын ойлауды айтамын. Ата-енем өте жақсы жандар. Мен үшін олар туған ата-анамдай болып кетсе, олар да мені туған қыздарындай қабылдады. Өте жақсы адамдар. Бұйыртса, әлі немерелерін тұрмысқа шығарады" , - деп жазды Әлия Әнуарбек.