Туған тілін зерделеген ғалым еді

Туған тілін зерделеген ғалым еді

Қазақ руханияты мен тіл білімі ғылымы тағы бір қайраткер тұлғасынан айырылды. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ тіл білімі кафедрасының құрметті меңгерушісі, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымының докторы, профессор, көрнекті тіл маманы, әдебиет сыншысы және публицист Мырзатай Серғалиұлы Серғалиев 2011 жылғы 23 шілдеде 73 жасында дүниеден озды.

Академик М.С.Серғалиев – Қазақстан­ның еңбек сіңірген қайраткері, ЖОО-ның үздік оқытушысы, ҚР білім беру ісінің құр­метті қызметкері, ҚР білім беру ісінің үздігі, «Еңбек ардагері» медалінің, Қазақстан ғылымы мен техникасына аса көрнекті үлес қосқаны үшін берілетін мемлекеттік сти­пендияның иегері, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының құрметті аза­маты, еліміздегі бірнеше жоғары оқу орнының құрметті профессоры.
Мырзатай Серғалиұлы 1938 жылғы наурыздың 17-сінде Солтүстік Қазақстан облысының қазіргі Шал ақын ауданы Жаңа­жол елді мекенінде дүниеге келді. Үш жа­сында әкесі қан майданға аттанып, анасы мен әжесінің тәрбиесінде өсті. Ол 1945 жылы туған ауыл мектебінің 1-сыны­бына барып, 1955 жылы Қараоба орта мектебін тамамдады. Ұстаз-ғалым барлық саналы ғұмырын талантты шығарма, талантты шәкірт дайындауға арнады.
1955 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің студенті болып қабылданды. 1960 жылы қазақ тілі мен әдебиетінің оқыту­шысы мамандығын алған ол осы уни­вер­ситеттің қазақ филологиясы кафед­ра­сына ассистенттік қызметке қалдырыла­ды. 1999 жылға дейін өзі білім алған уни­вер­си­тетте профессор, кафедра меңгеру­шісі, факультет деканы қызметін атқарып, ұстаздық-ұйымдастырушылық жолдан өтті. 1966-1968 жылдары Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл білімі институтының екі тілді сөздік және терминология бөлімінде кіші ғылыми қызметкер болып істеді. 1989-1999 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ жанындағы қазақ тілі мен орыс тілі мамандықтары бойынша докторлық диссертация қорғайтын маман­дандырылған кеңестің төрағасы болды.
Ғалым 1999 жылдан 2008 жылға дейін – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде қазақ тіл білімі кафедра­сының меңгерушісі, қазіргі уақытқа дейін профессор қызметін атқарды. М.Серға­лиев­тің ұсынысымен кафедрада аспиранту­ра мен магистратура ашылды. 2000 жыл­дан бастап университет жанынан М.Серға­лиевтің басшылығымен қазақ тілі мен орыс тілінен кандидаттық диссертация қорғай­тын диссертациялық кеңес жұмыс істеді.
Ол ұстаздық қызметімен қатар, ондаған жыл бойы ғылыми-зерттеу жұмысымен шұғылданды. Ғалымның лингвистикалық ізденістері жан-жақты: қазіргі қазақ тілінің синтаксисі, лингвистикалық стилистика, тіл мәдениеті, шешендік өнер, көркем әдебиет тілі, лексикография мәселелерін қамти­ды.
Профессор М.Серғалиев – қазақ тіл білімінде танымал синтаксис мамандары­ның бірі. 1967 жылы «Қазақ тіліндегі етіс­тік­ті сөз тіркестерінің синонимиясы» атты тақы­рыпта кандидаттық диссертация қор­ға­ды және «Синтаксистік синонимдер» мо­но­графиясының (1981) негізінде 1988 жылы докторлық диссертация қорғады.
М.Серғалиев – қазіргі оқу үдерісінде кеңінен қолданылып жүрген «Қазіргі қазақ әдеби тілі» (1991, 2006) оқу құралының «Сөз тіркесі», «Құрмалас сөйлем» және «Күр­делі синтаксистік тұтастық» тараулары­ның авторы. Жоғары оқу орындарының талапкерлеріне ұсынылған «Қазақ тілі» (екі автордың бірі, 1979, 1994) оқу құралының синтаксис тарауларын және сөз таптарына байланысты біраз материалды М.Серға­лиев жазды.
Ғалымның қазіргі қазақ тіліндегі са­лала­са байланысқан сөз тіркестері, сөй­лемнің күрделі мүшелері, үйірлі мүшелер, еркін сөз тіркесі мен сөйлемнің арақаты­на­сы, сондай-ақ еркін сөз тіркесі мен тұрақты сөз тіркесінің арақатынасы мәселелеріне байланысты өзіндік пікірлері де авторлар ұжымының «Қазақ грамматикасы» ( 2002) және өз авторлығымен жарық көрген кі­тап­тары – «Синтаксистік зерттеулер» (2004), «Синтаксистік зерттеулер» (Павло­дар, 2006), «Синтаксис мәселелері» (2006) т.б. беделді басылымдардан орын алған.
Профессор М.Серғалиевтің зерттеу­ле­рінің үлкен бір тобы тіл мәдениетіне арнал­ған. Ұстазы, көрнекті ғалым М.Балақаевпен бірлесіп шығарған «Қазақ тілінің мәде­ниеті» оқулығының (1995, 2004, 2006) «Тіл мәдениетінің негізгі сапа­ла­ры» тара­уын жазды. Авторлар ұжымы­ның «Тіл саясаты: тағлым мен тәжірибе» (2006) деген кітабында М.Серғалиевтің БАҚ пен электронды баспасөз бетіндегі тілдік құралдардың қолданылу мәдениетін тілге тиек ететін мақалалар топтамасы көлемді орын алады.
«Қазақ тілінің қысқаша орфоэпиялық сөздігі» (1996) сөйлеу тілінің сұлулығы мен тазалығын сақтауға жәрдемін тигізсе, «Орысша-қазақша сөздіктен» (1993, 1995, 2001, 2003) мемлекеттік тілді оқып-үйре­нушілердің тіліміздің байлығы туралы алатын пайдасы аз болмаса керек. «Орыс­ша-қазақша сөздік» пен «Қазақша-орысша сөздікті» (2004) оқырман қауым зор ықыласпен пайдаланып келеді. Академик М.Серғалиев 30 жылдан астам уақыт ҚазҰУ-дың, одан соң ЕҰУ-дың студенттері­не қазақ тілінің стилистикасынан дәріс оқы­ды. Осындай ғылыми-әдістемелік жұ­мыс­та­рының және тіл біліміндегі соңғы жыл­дарда­ғы табыстарды ескерудің нәти­же­сін­де «Стилистика негіздері» оқу­лығы жа­рық көріп (2006), білім берудің пайдалы құ­ралына айналғаны көпшілікке жақсы мәлім.
Академик М.С.Серғалиев – оннан аса монографияның, алты оқулықтың авторы. Оның қаламынан 600-ден астам ғылыми және ғылыми-көпшілік еңбек жарық көрді. Оның ғылыми жетекшілігімен бес ғылым кандидаты – филология ғылы­мының докторы, 52 аспирант пен ізденуші фило­логия ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін алды.
Ғалым көркем шығарма тіліне қатысты еңбектерінде көрнекті прозашылар С.Мұ­қанов, Ғ.Мұстафин, З.Шашкин, С.Шай­мер­денов, танымал сыншы М.Қаратаев сияқты қаламгерлер тілінің стильдік өзге­ше­ліктері жайындағы тұжырымдарын бір­неше жинаққа арқау еткен.
Автор қазақ лингвистикасында тұңғыш рет М.Әуезовтің әңгімелері мен повестерін жан-жақты ғылыми-стилистикалық талдауға алған.
М.С.Серғалиев көркем аудармамен де ай­налысты. Осы қабілетінің арқасында Я.Камал, К.С.Вирх, М.А.Заряб, К.С.Дугал, В.Ва­лаж, Ә.Қадыров, В.Лацис, В.Кожевни­ков т.б. шетел прозасы классиктерінің әңгі­ме­лері мен новеллаларын қазақ оқыр­ман­дарына таныстырды.
Академик М.С.Серғалиев елорда мен республика өміріндегі қоғамдық жұмысқа да белсене араласты. Лингвистикалық комис­сия құрамында Қазақстан Респуб­ликасы президенттігіне үміткерлерден мем­лекеттік тілді меңгеру дәрежесін анық­тайтын емтихан алуға (1998, 2005) қаты­нас­ты. ҚР Үкіметі жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комиссия мен Астана қалалық ономастикалық комиссияның, бірқатар газет-журналдың редакциялық немесе ақсақалдар алқасының мүшесі болды.
Үлкен жүректі, дара дарынды ғалым, ме­йірімді де ұлағатты ұстаз, бүкіл саналы ғұмырын қазақ тілінің жолына арнаған тіл білімінің көрнекті қайраткері, академик Мырзатай Серғалиұлының жарқын бейнесі тіл мен әдебиет тарихында, шәкірттерінің, жас ұрпақтың жүрегінде мәңгілік сақталады.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста