Тұңғыш Президент күні Мирас пен Құралайдың төртінші сәбиі дүниеге келді
Желтоқсанның 1 - жұлдызы, «Тұңғыш Президент күні» танымал өнер жұлдыздары - Мирас пен Құралай отбасында қуанышты хабар.
Құралай ханым көптен күткен төртінші сәбиін дүниеге әкелді. Өнерде де, өмірде де қазақстандық отбасыларға үлгі болып жүрген жандар еліміздің демографиясын көтеру – әр азаматтың парызы деп есептейді. «Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев сияқты еліміздің өркендеуіне, өсуіне қызмет ететін азаматтар мен азаматшаларымыз көбейе берсін» деп тілейді жұлдызды жұп.
«Үш қызды өсіріп, құтты орнына қондырған әке жұмаққа түседі» дейді. Үшінші қызының дүниеге келгеніне Мирас Бекжанов қатты қуануда. 3.6 салмақты, бойы 52 см шақалақтың есімі - айдай сұлу Айсұлу!
Ол қуаныштары туралы бірінші болып өнерлі отбасы Instagram парақшасында тыңдармандарымен бөлісті: «Сүйінші! Біздің үйде қуаныш! Құралайым бүгін төртінші сәбиді дүниеге әкелді, төрт баланың ата-анасы болып жатырмыз!»
Нәрестенің бауы берік болсын!
kaz.caravan.kz