Тұңғыш Президентке бата берген – Шәкір Әбенов

Тұңғыш Президентке бата берген – Шәкір Әбенов

1991 жылы қараша айында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Абай, Шәкәрім, Мұхтарларды тудырған киелі топыраққа тағзым етіп, Шыңғыстау өңіріне арнайы келгенде берген Шәкір ақсақалдың батасы:
Сарыарқа – туған жерім, елім – қазақ
Қазақ елі ежелден көкседі азат.
Көп естіп, көпті көріп, аз білсем де,
Мен бір ғасыр куәсі – экспонат.
Біз көрген зобалаңда, қуғын-сүргін,
Енді ешкім көрмес үшін
                                           қанды қырғын,
Бар ұлттың тілін тауып, табыстырған,
Нұрсұлтаным, жұлдызың жанды бүгін.
Зерек ақыл, зерделі ой, батыл жүрек,
Жаманат жапсыра алмас жатың тілеп.
Қарадан хан туған деп қадірлеген,
Қазағың ғұмырыңды отыр тілеп.
Абылайым бүгінгі Сен емес пе?
Қазағым өзге жұртпен тең емес пе?!

Халқыңа Тәуелсіздік нұрын шаштың,
Тар асу, тайғанақ жол, кер белесте.
Ақ киізге көтеріп, хан сайласқан,
Қарт атаң тоқсан бірде мен емес пе?!

Халқың сүйген перзенті екенсің, енді сол халқың айтар бата берейін. Қазақта бата деген екі түрлі болады: бірі — негізгі бата, екіншісі – лебізді бата. Негізгі бата – халықтікі. Халық қастерлеген басшысына адал қызметі үшін батасын өзі береді. Лебізді бата дегеніміз – халықтың тап­сыр­ған аманат-тілегі, келешекке үміт-сенімі. Ол, негізінен, үш міндетке саяды:
1. Дүниенің бар игілігін өндіретін жұ­мыс­­шы, диқан, мал өсіруші қауымның та­бан ақысын, маңдай терін зая кетірмей, ысы­рапқа ұшыратпай ұқсатып, халықтың қа­жетіне, игілігіне жарату;
2. Осыған кедергі жасап, кесел келті­ре­тін суыққол сұғанақтарға, қиянатшыл-зор­лық­шыл зұлымдарға тыйым салу;
3. Қошеметшіл жағымпазға бой ал­дыр­­май, өз ісіңе де, өзгеге де сын көз­бен қа­рап, қате кетсе, өзің түзей білу. Осы үш та­лап үдесінен көрінген басшы ел сенімін ақ­­тары шүбәсіз, анық. Ендігі менің ле­бізді батам, тұжырым-түйінім мынау:
Иллаһи аумин!

Халыққа береке, мынау қиын заманда бірлік беріп, ел тізгінін ұстап, еркіндікке жет­кізген Нұрсұлтанның атақ-даңқы, абы­ройы зорайып, тарихтың бетіне басылатын бол­сын!.. Аллаһу акбар!
(«Абай» журналы, 1992, №1, 77-бет)

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста