«Тұрар Рысқұлов» Мұқағали тойын тойлады

«Тұрар Рысқұлов» Мұқағали тойын тойлады

«Өкінішке орай, туған күн жылына бір-ақ рет» деген балалар әні бар ғой, білетін шығарсыздар?.. Алайда осы сөздің күшін жойып, туған күні жылына бір емес екі кезде тойланатын бірден-бір ақын бар қазақта. Ол – Мұқағали. Биыл 80 жылдық мерейтойы еліміздің түкпір-түкпірінде тойланып жатқан ақын тойы кеше Тұрар Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университетінде аталып өтті.
«Жырлайды жүрек» деп аталатын бұл кешке ақынның өкшесін басқан інісіндей болған Оразақын Асқар, Мұқағали музейін басқаратын Жұмаш Өтеев т.б ақынның жақындары кеш қонағы ретінде осы жерден табылды. Алғы сөзді университеттің ғылыми ісі жөніндегі проректоры Салтанат Сәрсенбаева сөйлеп, мерейлі кештің шымылдығын ашып берді.
Оразақын Асқар:
 – Мұқағалидың туған күні жыл сайын атап өтіледі. Ал биылғы жылдың жөні бөлек. Биыл – ақынның 80 жылдығы. Жалпы, өзі Мұқағали туған күні жылына екі рет тойланады ғой. Олай дейтінім, Алматы мен Астанада 9 ақпанда тойланады. Бұл – ақынның құжаттағы туған күні. Алайда бұл жаңсақ жазылған. Мұқағалидың анасы Нағиман әжейдің естелігінде «Мен Мұқағали тұңғыш ұлым туған кезде қар кеткен кез болатын, ел наурыз көже жасап, наурызды тойлауға кіріскен шақ болатын» деген. Яғни, ақпан емес, күн әбден жылыған көктем шағы. Сондықтан жыл сайын Қарасазда бұл туған күн 13 наурызда тойланады. Қалада – 9 ақпан, ауылда – 13 наурыз, жылына туған күні екі рет тойланатын ақын дүниежүзінде біреу-ақ, ол – Мұқағали.
Студент жастардың ән мен жырына, мағыналы да мәнді баяндамаларына толы бұл кеште үлкен аудиторияда ине шаншар жер болмады. Ақынға деген жас толқынның ерекше махаббатына осыдан артық қандай дәлел керек?!.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста