Түрік пен кәрісті қойып, Әбеновтер әулетіне кірісеміз

Түрік пен кәрісті қойып, Әбеновтер әулетіне кірісеміз

«Өзімнің қайғым аздай, енді Бериванның уайымы қосылды ғой» деп күрсінген кейуана сөзінің анекдот секілді елге тарап кеткені жайдан-жай емес. Басы Бразилиядан басталып, Мексиканың мұңымен сабақтасқан, кейінгі кезде кәріс пен түріктің тіршілігін көрсетуге көшкен толассыз телесериалдар қазақ көрерменінің бар зейінін жаулап, өміріне етене араласып кетті. «Қазақ қашан сериал түсірер екен» деп жүр едік, биылғы күз маусымы сол үмітті жандарды үлкен бір жаңалықпен қуантқалы тұр. Өзінің он бесінші мерейтойлы маусымын «Хабар» арнасы «Жаным» атты жаңа сериалмен ашпақ. Ендеше, бұдан былай біз Перхонденің пасықтығына күйініп, Шин Тайонның тағдырына күрсінумен шектелмей, қазақтардың да қым-қиғаш өмірін тамашалайтын болдық.

Тұңғыш қазақстандық «Тоғысқан тағдырлар» телесериалын да жұртшылыққа осы арна ұсынған болатын. Сол кезбен салыстырғанда, техника мен технологияның дамығандығы осы жаңа сериалды түсіру барысында анық байқалған. Атап айтқанда, 70 сериядан тұратын туындының әр сериясы бір-ақ күнде түсіріліп, солайша 70 күнде тұтас сериалды түгел бітірген. 40 адамнан тұратын түсіру тобы тәуліктің 12 сағатында бір тыным таппай жұмыс істеп, солайша жаздың жайма-шуақ күндерінің қалай өтіп, күздің келгендігін де байқамай қалыпты.

Арман СҚАБЫЛҰЛЫ, «Хабар» агенттігі бас продюсерінің орынбасары:
– Осы жаңа маусымда «Хабар», «Еларна», «Казпионет» арналары биыл күзгі маусымын жаңа серпіліспен қарсы алып отыр. Әсіресе «Еларнада» қазақтілді көрерменнің көңілінен шығатындай біршама жаңа телебағдарламалардың алғашқы легі өткен аптадан бастап эфирге шығып та үлгерді. «Шіркін, Life» реалити шоуы, «Ашық пошта» атты сазды бағдарлама жарық көріп үлгерсе, енді алдағы аптада «Бәрі есімде» атты жаңа бағдарлама көрерменге жол тартқалы жатыр. Ал «Хабар» арнасынан аптаның бес күнінде «Сонымен, солай дейік» атты саяси-әлеуметтік ток-шоу, аптасына төрт рет «Арнайы репортаж» ұсынатын боламыз.
Естеріңізде болса, әлі Қазақстанда сериал деген дүние болмай тұрғанда, алғаш рет «Хабар» «Тоғысқан тағдырларды» түсірген еді. Ол өтпелі кезеңнің дүниесі болған соң, кемшіліктеріміз болды біршама, десек те, ол өз миссиясын атқарды кезінде. Ал енді бүгінгі «Жаным» телесериалына келсек, бұл – дәл қазіргі еліміздің өмірін көрсететін, қазіргі заман ағымына сай туынды. Отбасылық оқиғалар драмасына негізделген сериалда қазақтың ене мен келіні, құдалар арасындағы қарым-қатынас анық көрсетіледі. Танымдық-тәрбиелік маңызы өте зор.


Ләйла АҚЫНЖАНОВА, сценарист:
– Сериал – көрінген беліне байлай алмайтын ауыр шоқпар. Оны тек мықты креативті күшке ие басшылық қана көтере алады. Сондықтан «Хабар» секілді тегеурінді арнаның осыған бет бұрғанына өте қуаныштымын. Осы тұста бір құпияны ашқалы отырмын, сол «Тоғысқан тағдырлар» біткен он жылдан бері Ғани Құлжанов мезгіл сайын кешкісін маған қоңырау шалып, «жаңа сериалға түскім келіп жүр» деумен болды. Мен тіпті ол қоңырау шалмай қалса, таңданатын болдым. Соның тілегі ме, соңғы хабарласқанда оған сүйінші хабар айттым. Енді оның маған хабарласуға мұршасы жоқ, сериалға түсуден қолы босамайтын болды.
Жаңа сериал дәл қазіргі күнде өрбиді. Қалалық отбасы – Әбеновтер әулеті қиын күндерді бастан өткеруде: айрандай ұйыған отбасының ойламаған тұста шырқы бұзылады. Құпиялар шырмауына шырмалған кейіпкерлер мұңын өздеріңіз 13 қыркүйектен бастап кешкісін теледидар алдына жайғасып тамашалайтын боласыздар. Басты рөлдерде: қара шаңырақтың тұтқасы, бір кездері геолог қызметін атқарып, бүгінде зейнетке шыққан 75 жастағы Ақан Әбенов рөлінде – белгілі актер, режиссер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Оразхан Кенебаев, ал оның жұбайын қазақтың «Қыз Жібегі» Меруерт Өтекешова сомдайды. Сондай-ақ сол алғашқы сериал «Тоғысқан тағдырларда» жарқ етіп көрініп, көрермен жүрегін жаулаған Ғани Құлжанов та осы сериалда басты кейіпкер, табысты кәсіпкер Нұрлан рөлінде көрерменімен қайта қауышады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста