"Тurk dunyasi" түрік тілінде жарық көрді

"Тurk dunyasi" түрік тілінде жарық көрді
Таяуда көрнекті ғалым, филология ғылымының докторы, профессор Сейдін Бизақовтың «Түбі бір түркілер» кітабы «Тurk dunyasi» деген атаумен түрік тілінде жарық көрді. Кітаптың тұсаукесеріне «Алаш айнасы» тілшілері де қатысып қайтқан еді.
Бүкіл түркі әлеміндегі өзекті мәселелерді қамтыған «Тurk dunyasi» кітабын түрік тіліне аударған аудармашы, жазушы Мәлік Отарбаев кітаптың Түркияда жарық көруіне ықпал етті. Мәлік Отарбаев - Қазақстанның Түркиядағы ресми өкілі. Сондай-ақ осы кітапқа белгілі ғалымдар, қаламгерлер үлес қосты. Оның ішінде филология ғылымының докторы, белгілі ғалым Телқожа Жанұзақұлының, Өмірзақ Айтбайұлының, түркі әлеміне қатысты «Қазақ әдебиеті» газетіне жариялап, насихаттаған қарымды қаламгер Жұмабай Шаштайұлының еңбектері ерекше атап өтуге лайық. Сондай-ақ «Түбі бір түркі әлемі» кітабының «Мир тюркских народов» атты орысша нұсқасының жарық көруіне Ұлжалғас Есмаханова сынды маман еңбегін сіңірді. Түркі халықтарының мәдениетіне, әдебиетіне қамқорлық жасап жүретін «ТҮРКСОЙ» ұйымы кітаптың шығуына үлкен қолдау көрсетті.
Тарихтан белгілі ұзақ уақыт отаршылармен соғысып келген түркі халықтары ауыр-ауыр тарихи кезеңдерді артта қалдырды. Өткен ғасырдың 90-жылдарында түркі халықтарының қоғамдық, әлеуметтік жағдайында үлкен бетбұрыс болды. Түркі халықтарының даму тарихындағы жаңа кезең басталды. Міне, осындай серпіліс түркі елдері ғалымдарының алдына үлкен міндеттер қойды.
«Алтау ала болса ,ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» демекші, біздің келешегіміз түркі халықтарының ынтамағына, бірлігіне, бір-бірімізге жәрдемдесуімізге байланысты екенін сонау замандарда ұлт қайраткерлері айтып кетті. Бүкіл түркі халықтарының басын біріктіруді түркі қайраткерлері мен алаш зиялылары армандап, ұрпаққа аманант еткен еді. Бүгінде қанымыз, тіліміз, діліміз, дәстүріміз бір түркі халықтары жұдырықтай жұмылып бірлікке ұмтылуда. Осы тұста түркілерге ортақ тарихты, әдебиетті, мәдениетті түбегейлі зерттеп, бауырлас халықтардың бүгіні мен ертеңіне бағыт-бағдар беретін осындай кітаптардың шығуы - үлкен жетістік.
Сейдін БИЗАҚОВ, кітап авторы:
– Өткенге көз жібермей, келешекті бағдарлай алмаймыз. Жер бетінде тарыдай шашылған түркі халықтарының біразы бүгінде дербес ел болып, тәуелсіз мемлекет дәрежесіне жетті. Алайда жер бетінен жойылып кетудің аз алдында тұрған түркі халықтары қаншама? Сондықтан қазіргі таңда түркі дүниесі туралы келешек ұрпаққа насихаттау, өзіміздің түп-тамырымызды зерттеу өте маңызды болып отыр. Кезінде еуропалықтар жабайы халық болып тұрған кезінде түркі ұлыстары үкімет құрған болатын. Біз зтекті атаның ұрпағымыз. Бүкіл түркі дүниесінің құпия-сырын бір кітапқа сыйғызу мүмкін емес. Алдағы уақытта түркі әлеміне қатысты әлі де талай зерттеу жұмыстары жарық көреді деп сенемін.  

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста