Түркі әлемінің тұтасуына не кедергі?

Түркі әлемінің тұтасуына не кедергі?

Көктемде себілген тұқым күзде өнімін беретіні секілді, кешегі кеңес өкіметі тарапынан жүргізілген отарлық саясаттың нәтижесі бүгінде өз «жемісін» беруде. Ұлтсыздандыру саясатына өз кезінде оңайлықпен көнбей, тілімізді, дінімізді, ділімізді сақтау жолында күрескенімізбен, бүгінде руханият мәселесіне келгенде көзқарастарымыз қақ айырылып, құлдық санадан арыла алмай келеміз. Ұлтымызды дүбәра күйге шалдықтырып, еңсемізді езген осындай кеселден құтылудың жолы бар ма? Әлемді дағдарыс жайлап, аждаһадай ақырған АҚШтың өзі есеңгіреп тұрғанда, түбі бір түркі бірігіп, әлеуетіміз бен мәдениетімізді тығырықтан алып шыға алар ма екенбіз?

Туысын түгендемек түгіл, өзінің кім екенін зорға ажыратқан кешегі «байтал түгіл, бас қайғы» болған заманда көк бөрінің ұрпақтары жанжаққа шашырап кеткенді. Егемендік алып, ес жиғалы бері түркі жұрты түптамырын, туыстарын із­деп, ендігі уақытта жаһанданудың жалы­нынан аман қалуға ұмтылуда. Осының бір дәлелі – соңғы уақыттарда қаны бір, жаны бір, мүддесі бір түркі бауырларымыз ата­жұрты Қазақстанда бас қосып, түркі әлемі­нің өзекті мәселелерін талқылауды дағ­дыға айналдырғаны. Кешегі түркіге ортақ қайраткер Мұстафа Шоқай сынды аза­матымыздың түрікшілдік, түркі жұртын тұтастандыру идеясы, Түркістанды «екі дүниенің есігіне, ер түріктің бесігіне» бала­ған Мағжандай арысымыздың арманы бүгін де маңызын жойған жоқ. Кеше біреу­дің жетегіне ерген елдер бүгінде алпауыт­тарға бәсекелес болуға талпынған шақта түркі жұртының жұдырықтай жұмыла әре­кет етуі шарт. Осы орайда түркі жұртының өкілдері күні кеше екі күн бойында Алматы шаһарында өткен «Түркі әлемінің бүгінгі өзекті мәселелері» атты халықаралық ғы­лы­митәжірибелік конференцияда бас қосты. Түркі халықтарының мәдени қоры ұйымдастырып отырған жиын Елбасының таяуда Әзірбайжан астанасы Бакуда өткен саммитте Орта Азиядағы түркітілдес ха­лық­тардың бірлігін арттыру туралы айтқан идеясына арналып отыр. Конфе­ренцияға еліміздің белгілі ғалымдары, мәдениет және өнер қайраткерлері, сондайақ Түр­кия, Өзбекстан, Ресейден келген ға­лым­дар, экономистер, тарихшы­лар, түркі­тану­шы­­лар, ТҮРКСОЙ халық­аралық ұйы­мы­ның өкілдері атсалысты.

Мұхтар ШАХАНОВ, ақын, қоғам қайраткері:
 – Кезінде АҚШтың 150 миллионға жуық жергілікті халқы өлтірілген. Жанжақтан келгендер олардың жерін тартып алып, халыққа улы киім, тамақ беріп, жаппай қырды. Егер қазақ­стандық ұлт болсақ, онда Қазақ­стан­дағы басқа түр­кітілдес ұлттар да жойылады. Ұлтты сақтап қалу – басты мәселе. Әрқайсы­мыз­дың өз атабабаларымыздан бері қарай жал­ғасып келе жатқан генетикалық ақпа­рат­тық қозғалыс болады. Әркім өз тілінде ойлауды, сөйлеуді тоқтатқан кезде сол ақпараттық қозғалыс үзіледі. Атабаба­ларымыздың рухы бізге арыз айтады. Өз ұл­тының рухына қарсы шығу – Аллаға қарсы шығу. Ұлтты еш­кім ойлап тапқан жоқ. Ұлтты Алла жаратты. Көп ұлттардың аз ұлттарға қысым жасауына жол бер­меуіміз ке­рек.

СоветХан ҒАББАСОВ, медицина ғылымының докторы, про­фессор:
– Түркі жұрты «бірігейікбірігейік» де­ген­нен біріге алмаймыз. Бізге керегі – бірігудің тәсілдері. Біз – әлемге бүкіл білім мен ғылымды таратқан елміз. Адамзат өркениеті Қытайдан, Египет­тен, Грекиядан тараптымыс дейтін тарихи бұрма­лау­лардан арылып, ақи­қатқа жетуіміз керек. Еуропаце­нтристік көзқарасқа барынша тө­теп бермесек, ұлт болып қала алмаймыз. Кешегі цунами, топан су секілді апаттар, спид, құс және шошқа тұмауы секілді індеттер неге етек жайып кетті? Бұл табиғаттың қателігі ме? Бұл табиғат тылсымдары күн жүйесінде емес, адамзат тіршілік ететін жер бетінде белең алды. Яғни бұл – адамзаттың қателігінен. Сон­дық­тан біз Батыстан ділімізге жат дүние­лерді қабылдай бермей, ұлттық иммуни­тетімізді күшейткеніміз жөн.

Мекемтас МЫРЗАХМЕТҰЛЫ, филология ғылымының докторы, профессор:
– Біз, түркітілдес халықтар, сөйле­генде бірбірімізді түсіне аламыз, бірақ жа­зуымыз әртүрлі. Міне, қанша жыл­дан бері біз түркітілдес халықтарға ортақ тіл, жазу мәселесін шеше алмай келеміз. Түбіміз бір болғанмен, жиын­дарда орысша сөйлесек, онда несіне бірігеміз? Түркі елдерінің кейбірі латын әліпбиіне көшіп те алды. Алайда латын әліпбиінің өзін әркім әртүрлі қол­данады. Біріміздікі біріміздікіне сәйкес келмейді. Мен осы мәселені Елбасының алдына да қойған болатынмын. Сонда ол кісі: «Егер біз өзімізше латын әрпіне көшсек, басқа туысқандарымыз не дейді?» – деген еді. Бұл сөздің де жаны бар. Өйткені біз алдымен барлық түркі тілдеріне лайық латын әліпбиінің үлгісін таңдауымыз ке­рек.

Жаһандану процесі бүкіл әлемде өзгеше қанат жая бастады. Баршаңызға аян, бұл дегеніміз – ұлттық мүддені тұқырту, өзгенің тілін, салтсанасын енгізу. Бүгінде алпауыт елдер – Ресей мен Қытай билігі ашықтанашық аз ұлттарға қысым көрсетіп, ұлттық мектептерді жауып жа­тыр. Ал біздің елде мемлекеттік қызметте істейтіндердің 85 пайызы орыс тіліне жетік, ана тілін керек те қылмайды. Өйткені қазақ тіліне деген қажеттілік жоқ. Атыжөніміздің өзі не қазақ, не басқа ұлт екенімізді айқындай алмайды. Өйткені құжатымызда тегіміз орысша жазылған. Дербес мемлекет бола тұра, бірдебір қазақтілді телеарнамыз жоқ. Мұндай проблема бізден басқа кейбір түркітілдес елдерге де тән. Міне, алыстан ат сабылтып келген бауырларымыз да, еліміздің беткеұстар зиялылары мен ғалымдары да осы мәселелерді шешудің өзіндік жол­дарын ұсынды.

Түркі әлемінің бүгінгі өзекті мәсе­лелері:
• түркітілдес халықтардың әлемде бейбітшілікті сақтай отырып, әлеуметтік жағдайды жүйеге келтіруі;
• әлемдік дағдарысты еңсеру, дағдарыстан шығудың тиімді жолдары;
• түркілер тарихының бұрмаланған тұстарына жаңаша көзқарас;
• түркіге ортақ тіл, дін және жазу мәселелері;
• түркі тілдеріне арналған сөздік жасау және интернетресурстарды тиім­ді пайдалану;
• түркі елдеріне тарайтын телеарна ашу.

Түйін
«Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» дейді халық даналығы. Алайда түркі әлемі бірігіп, түгенделу үшін ең жетіспейтіні – ауызбірлік. Түркітілдес елдерді айтпағанда, бір ғана қазақтың өзі қырыққа бөлініп, өзінен асып кетсе, көре алмай, жоқ болып қалса, бере алмай отырған жоқ па?! Мүддемізді біріктірейік деген мақсатта өткізілетін жиындардың өзінде  жиналғандар бірінбірі құттықтап, мадақтаумен немесе даттаумен уақыт ұтқызады. Ал аз ғана уақытта көп проблеманы шешу мүмкін емес. Дәме бар, дәрмен жоқ болып қалатыны да сондықтан. Дегенмен бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруға талпынған зиялы қауымның бүгінгі еңбегі ертең жеміс беріп қалатынына үміттенейік.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста