Түркияда "Қазақ аруы" байқауын өткізудің астарында не жатыр?

Түркияда "Қазақ аруы" байқауын өткізудің астарында не жатыр?

«Қыз — ұлттың ұяты» деген ұғым ұмытылып бара жатқандай ма, қалай? Кейінгі кезде қазақ сайттарында, баспасөз беттерінде шет елде жарнамаланған қазақ қыздарының (әсіресе қытайлардың назарына іліккен спортшы қазақ аруының) саяси мақсатта жарнамаланып жатқаны жөнінде жазыла бастады. Қазақ қызын «пайдаланып» отырған тек қытай ғана ма? Жуырда Түркияда Анталияның Туризм академиясының ұйымдастыруымен «Қазақ аруы» байқауы өтті. Түркияның әр өңірінен өзін хас сұлумын деп есептейтін қазақ қыздары қатысты. Байқаудың түсірілімін ғаламтордан көргенде «Бұл байқау қандай мақсатпен ұйымдастырылды?» деген сұрақ көкейге келгені белгілі.
Анталияда Наурыз мерекесінің құрметіне орай өткізілген бұл байқауда тегі қазақ жеті қыз бес аталым бойынша сынға түскен. Анталияның  туризм академииясының ректоры Зафер Биккеноглу қазақ қыздарының байқауы бұдан былай жыл сайын өтетінін мәлімдепті. Байқауда арулар тағамдар әзірлеп, Қазақстан тарихы мен географиясы туралы сұрақтарға да жауап беріпті. Бұның бәрі бетперде екені көрініп тұр. Қазақ қызының сұлулығын анықтаудың түрік мырзаларға қандай қажеті бар? Сол байқаудың қазақты танытуда қандай мәні бар? Ар-ожданды қатты бағалайтын түріктер сахнаға сирағын жалаңаштап, мойнын, білегіне дейін жалтыратып шыққан қазақ аруларына қарап отырып қазақтың қандай ұлт екенін білгісі келді ме екен?
Жалпы шығыс халықтары, түркілер аруларын, әйелдерін елдің алдында көрсетіп, жарнамаламаған. Мүмкін сіз «жаңа заманда өмір сүріп жатқанда ескі дүниені неге көксейсіз?» деп авторды кінәларсыз. Бірақ, дамудың жоғары сатыларының бірінде тұрған Түркия өзінің ата дәстүрін әлі күнге қатаң сақтайтыны баршаға белгілі. Мәселен, түрік азаматтары түнделетіп, көше кезіп, дискотекалардан шықпайтын қыздарды әйелдікке алмайтыны мәлім. Алса да заңды, өмірлік жұбайы деп есептемейді. Уақытша әйел санайды. Ал «қыдырғыш» қызды түрік жігітінің ата-анасы да, туған-туысы да келін ретінде мойындамайды. Түріктер өздерінің қыз-келіншектерін ашық-шашық жүруге жеткізбейтіні де бесенеден белгілі. Түрік қыздарын тәнін көрсетуге жол бермейді. Дінге өте берік түріктердің әйелдері жүзінен басқа жерін түгел бүркеп, оранып жүретіні де айқын.
Қоғамдық орында түрік әйелдері бөтен еркектің жанына отырмайды. Жиын-тойларында да ерлер бір бөлек, әйелдер бөлек бөлмеде отырады. Біздегідей еркіндік оларда жоқ. Еркіндіктің жоқтығын ұлттық киімінен де көреміз. Мәселен, қазақтың бүлдіршіндей кішкене қыздары үкілі тақия киеді. Ал түріктің кішкентай қыздары орамал тартады. Қазақ танымында қыз бала орамал тартпайды. Орамал ұлттық таным бойынша біреудің басы байлаулы жары екенін білдіреді. Сондай-ақ, түріктің әйел затын жоғары көтермейтіндігінің бір белгісі тілінен де айқын көрінеді. Мысалы, түрік тілінде «адам» сөзі тек «еркек» деген мағына береді. Әйелді «адам» демейді. Ал қазақ ұғымында әйел мен еркек тең болған, әйел күйеуін өте құрметтеген. Қазақ шаңырағында ер мен әйелдің өзіне тиесілі орны бар.
Айтпағымыз дәстүр айырмашылығы емес, шет елдіктердің қазақ қыздарын ашық символикалық тауарға айналдырғаны туралы. Елімізде қаншама мың түрік бар, Қазақстандағы түрік қыздарының сұлулық байқауы неге өткізілмейді? Өйткені, түріктер қыздарын елдің алдына шығып, сымбатын тамашалатуға жол бермейді. Ал біздің жігіттер неге жол беруде қыздарымызды аяқ асты етуге? Шет елде қазақ қыздарының сұлулығын сынату ұлтымыз үшін мақтаныш емес. Өйткені, қыз — ұлттың абыройы. Абырой — жалпақ жұртқа жарнамалауды қажет ететін тауар емес. Қазақ қызының сымбатын шет елде жарнамалатудың астарында саясат жатыр деген пікірлер өте орынды. Бұл қазақ қызының қадірінің кеткендігі, ұлт намысының төмендеуінің белгісі.
Аталмыш байқау өткен күннен бастап Түркия ақпарат құралдары байқау жайында ақпараттар жариялады. Намысы бар бір қазақ жігіті 9 сәуірде «Antalya güncel» сайтына "Kazakistanlı olup ben böyle şeylere karşıyım. Kendi devletlerinde tamam kendilerin göstersinler ama yurt dışında gezip böyle yarışmaları düzenlemesi çok yanlış. Gelecek sene iptal olsun. İstemiyoruz» деп жазыпты. Бұл бауырымыз аруларымыздың өз елінде сұлулығын көрсетсе де шет елді кезіп жүріп, бұндай байқауларға қатысуына қарсылығын білдіреді. «Бұндай байқаулар бұдан былай өтпеуі тиіс» деп, наразылығын жазыпты.
Қазақ жігітінің қарсы пікір білдіруі өте дұрыс. Өзіңіз ойлаңызшы, залда қаншама жүз көрермен бар? Бұл байқауды тамашалағандардың барлығы дерлік түрік еркектері екендігі көрініп тұр. Интернет арқылы мыңдаған жан аруларға сұқтанатыны тағы бар.
Түріктердің өз қыз-келіншектерін қызғыштай қорғайтынын қай жағынан болса да аңғаруға болады. Мысалы, Түркияда жасалған тауарларға (мейлі ол сабын болсын, мейлі ірі зат болсын) түрік қыз-келіншектерінің суреті таңбаланбайды. Орыс, еуропалық нәсілділер немесе түрікке ұқсас басқа ұлт өкілінің суреті басылады. Міне, түріктердің өз қыз-келіншектерін тіл-көз, т.б.-дан қорғауының айқын белгісі осы. Түркияға демалуға бара қалсаңыз, жағажайларда, қонақүйлерде қызмет көрсетушілер кілең ер кісілер екенін байқайсыз. Гид әйелдер болса кілең орыс, украин, молдован, т.б. басқа ұлт өкілдері. Түрік өз қызының кафе, мейрамханаларда, түнгі клубтарда жұмыс істеуіне жол бермейді.
Кейінгі жылдары шет елде зәбір көрген қазақ қыз-келіншектері туралы ақпарат та көбейіп кетті. Сіз бір жерде «түрік әйелі не қызы зәбірлеуге ұшырады» дегенді естідіңіз бе? Жоқ. Түркияда өткен қазақ қыздарының байқауын ұйымдастырудың астарында саясат жатыр деп есептейміз. Бұл қазақ аруын символикалық түрде «пайдаланудың» айқын көрінісі. Ащы болса да шындық, қазақ арулары шет елдіктердің тауарына айналып барады. Жігіттеріміз қайда қарап отыр?
Шарафат Жылқыбаева

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста