Түркіні тағы бір түгендеді

Түркіні тағы бір түгендеді

Рухани астана Түркістанда III Халықаралық түркітану конгресі болып өтті. «Бүгінгі түркологияның өзекті мәселелері» атты тақырыпта өткен жиынға әлемнің 30-ға жуық елінен 100-ден астам делегат қатысты.
Бұл басқосу түркітану ғылымының өткені мен бүгінін саралап, келешекте атқаратын жұмыстары туралы өзекті мәсе­лелерді шешуге арналды. Бұған дейін үш жыл бұрын исі түркі халқының орталығы Түркістанда мұндай басқосу өткізіліп, оған әлемнің белді түркітанушылары қатысқан болатын. Бүгінгі басқосуда ортақ тіл, тарих және әліппе жасау мәселелері қаралып, кеңінен талқыланды.
Ғалымдар өздерінің еңбектеріне әр сала бойынша секцияларда талдау жасады. Түркі дүниесінің жанашырлары өз ойларын ортаға салып, түркі дүниесінің өткен тарихын талдап, таразылады. Басты мақсат – бүгінгі түркі халықтарының рухани тұтастығын настихаттау болды. Түркия мемлекеті тарапынан көптеген ғалымдар қатысты. Еліміз тарапынан белгілі қоғам қайраткерлері мен ғалымдар қатысып, өзекті ой-пікірлерін ортаға тастады.
Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев: «Түркология ғылымын жан­дандырып жатырмыз. Бұл салада тер төгіп жүрген ғалымдарымыз жетерлік. Туыстас түркі халықтарының тілдерін зерттеуге атсалысып, халықаралық деңгейге шығуы қажет. Бүгінгі түркі халықтарының тілінде қалыптасып отыр­ған өзекті мәселелерді бүкіл түркі әлемі болып шешуміз керек», – деді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста