«Түркістан нұры» таралуда
Айтар ойының айшықтығы мен көтерер мәселесінің салмақтылығы жағынан баспасөз құралдары арасында альманахтың маңызы аса зор екені даусыз. Таяуда Мемлекеттік тілді дамыту президенттік қорының қолдауымен «Қазақ» альманағы жарық көрсе, енді соның ізін ала қазақ ақпарат айдыны тағы бір альманахпен толықты.
Алғашқы саны жұртшылыққа таралып үлгерген «Түркістан нұры» атты альманах Түркістан қаласында, жергілікті әкімшіліктің қолдауымен дүниеге келген. Көлемі 200 беттік альманахта Қазақстан мен Түркияның танымал ғалымдары мен ақындарының әдеби-мәдени, тарихи-танымдық тақырыптардағы материалдары беріліп тұрмақ. «Түркістан нұры» сондай-ақ өлкенің тарихы мен мәдениетін жаңа қырынан зерделеуге аса назар аударып отыр. Басылымның бас редакторы түркістандық ақын әрі жазушы Нұрмахан Назаров.