Түрмедегілер де газетке жазылады

Түрмедегілер де газетке жазылады

Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесінде жүріп жатқан оң өзгерістер еліміздің қылмыстық саясатын ізгілендіру жөніндегі мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде жүруде.

Соңғы жылдары сотталғандарды түзеу мекемелерінде ұстау жағдайы оңынан өзгере бастағаны бәрімізге мәлім. Атап айтқанда, олардың конституциялық құқықтары барынша кеңейтіліп, әлеуметтік жағынан қорғалуы айтарлықтай жақсарып келеді.  Өмірде қателік жасап, темір торға түскен азаматтардың қоғамымызға лайықты азамат болып оралуына көмектесу, бостандықтағы жаңа өмірге дайындау, оқыту, мамандық алуға тәрбиелеу – біздің негізгі міндетіміз. Осы міндеттерді жүзеге асыруға  көмектесетін тәрбие құралдарының бірі – кітапхана. Кітапхана – сотталғандардың мәдени және жалпы білім деңгейінің көтерілуі, білім, рухани баю көзі кітапқа  құмарлығының артуына әсер ететін құралдардың бірі. Кітапхана әрдайым жаңа әдеби кітаптармен  толықтырылып отырылады және күнделікті республикалық, облыстық газеттер мен журналдар алынып, сотталғандар назарларына ұсынылады. 
Әр жасақтан келіп, кітап алып оқитын сотталғандарға жеке “картотека” ашылып, кеңес беріліп, қалаған тақырыптағы әдебиеттерін алып оқуларына толық жағдай жасалған.

Мұнда Республикамыздың атаулы мерекелерінде “кітап көрмелері” ұйымдастырылып тұрады. Мұндай іс-шаралар сотталғандардың әдеби кітапқа, өз білім деңгейін арттыруға  кызығушылықтарын оятты. Бұл оқырмандар санының арта түсуінен көрінді.

Сонымен қатар 2009 жылдың  екінші жартыжылдығына республикалық және облыстық басылымдарға сотталғандардың  қалауы бойынша, еңбекақысы есебінен жазылу жүргізілді.           

Сотталғандарды тәрбиелеу жұмысында қоғамдық ұйымдардың да көмегі зор.  Олар қолдарынан келгенше бізге көмек көрсетуде. Осындай мекеменің бірі – Жамбыл облыстық ғылыми Ш.Уәлиханов атындағы кітапхана сотталғандарға мемлекеттік тілдегі кітаптар сыйлап, олардың түзелу жолына түсуіне  кішкентай болса да өз септіктерін тигізді.       
Облыстық ғылыми Ш.Уәлиханов атындағы кітапхана ұжымына, осы мекеме директоры Р.Нургелдиноваға және облыстық әкімшілікке, мекеме қызметкерлері және жазасын өтеушілер атынан алғысымызды білдіреміз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста