Тұрсын Алагөзов: Мен Баянды сүйіп қалдым, онсыз өмір сүре алмайтынымды білген соң бәрінен бас тарттым

Тұрсын Алагөзов: Мен Баянды сүйіп қалдым, онсыз өмір сүре алмайтынымды білген соң бәрінен бас тарттым

Кәсіпкер Тұрсын Алагөзов Баян Мақсатқызына деген сезімін ашық мойындап, ол үшін бәрінен бас тартты. Тіпті ол үшін бірінші отбасымен де араласпайды. Алайда ешнәрсе үшін өкінген емес. Себебі 50 жасымді өмірім енді басталғандай деген пікірде.

Бұл туралы ол 100 сұхбат бағдарламасында айтты. 

 
Тұрсын Алагөзовті көпшілік Баян Мақсатқызының екінші жолдасы ретінде таниды. Жастайынан кәсіпкерлікпен айналысқан ол қазақстандық шоу-бизнеспен де кейіннен танысқан. Өзін танымал адам боламын деп те ойлаған емес. Баянмен өмір бойы бірге болу үшін бәрін құрбан еткенін мойындайды. 

“Мен ақылмен ойланып қарағанда менің әрекетімнің ақылға қонбайтынын білемін. Бірақ мен Баянды сүйіп қалдым. Басқа не істей аламын? Мен бәрінен бас тарттым. Онсыз өмір сүре алмайтынымды түсіндім. Мен 50 жасымда өмірдің жаңа басталғанын түсіндім. Баянды кездестіргелі Қазақстанда шоу-бизнес деген түсінік бар екенін білдім. Әншілерді тани бастадым. Спортпен тұрақты айналыса бастадым. Баян да спортты қолға алды. Былайша айтқанда, өзім үшін өмір сүретін уақыт келді. Бұрын менде паркте демалып отыруға уақыт болған жоқ. Ол кезде мен тек жұмыс істедім. Таңертең жұмысқа кететін едім. Қазір өзім үшін өмір сүремін. Таңертең жаттығамын. Мейрамханаға барамын. Өзім қалаған нәрсені жасаймын. Мен өткенім үшін өкінбеймін. Мен енді ғана өмір сүріп жатқандаймын. Сондықтан спортты қолға алдым”, – деді Алагөзов.

Ал Баян Мақсатқызы осы уақыт аралығында өзін қолдаған жолдасына алғысын білдірді. 

“Тұрсынның ең жақсы қасиеті – ол өте ұстамды. Ешқашан сынбайды да, өзгермейді де. Мәселен, осы 5 жылда небір кезеңдерді өткердік. Жыладық, құладық, айқайластық. Өміріміз үлкен боранға айналып кеткендей болды. Соның ешқайсысында дауыс көтеріп, қолын бір сілтеп кеткен жоқ. Әрдайым ұстамдылық танытты. Өзгерген емес. Материалдық жағынан да, моральді жағынан да бәрін басынан бастадық. Ол өзін тастаған жоқ. Ешнәрсені білдіртпейді. Уайымдамайды. Қашан амалы таусылар екен деп ойладым. Қашан күлкісі ашуға айналар екен дедім. Бірақ олай болмады. Оның сол қасиетіне  ризамын. Мен жылап жатқан күндерде де маған жұбату айтты. “Бастысы біргеміз, қалғанының бәрін жеңеміз деумен” келеді”, – деді ол. 

stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста