Тұрсынбектің әйелі тағы бі қылығымен елге жақпай қалды
Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова тағы да билеймін деп жұрт көзіне түсті. Бұл жолы ол модель Динагүл Тасовамен вальс билеген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Қоғамда төсін жалаңаштап аты шыққан модельмен билегенін Мөлдір өзінің әлеуметтік парақшасында жариялады.
Видеодан екеуінің қол ұстасып вальс билегенін байқайсыз. Тіпті тойхана төрінде жабыса, кезек-кезек бір-бірін шыр айналдырып жүр.
Бұл кештің негізгі ұйымдастырушыларының бірі Тұрсынбек Қабатовтың жары.
Ол елдегі енді аты шығып келе жатқан және халыққа танылып үлгерген кәсіпкерлер мен блогерлердің, әншілердің басын қосып, Астана төрінде дүркірете той жасаған болатын.
Айта кетейік, Мөлдір Мұқанова бұған дейін де көпшіліктің сынына іліккен болатын.