Уәлибек Әбдірайымов: Екі рет тергеу изоляторында отырып шықтым
"Шаншар" әзіл-сықақ театрының жұлдызы Уәлибек Әбдірайымов елдің банктеріндегі қитұрқы істер жөнінде, салдарынан туған бауыры түрмеге түскенін айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінде Уәлибек Әбдірайымов &ndash танымал әрі көпшіліктің құрметіне бөленген жан. Сахнада жүрген 30 жылға жуық уақыт ішінде ол көрерменнің ең сүйікті әртісіне айналды. Алайда сұрапыл 90-шы жылдар көп адамды, оның ішінде Уәлибек Әбдірайымовты да сынға алды. Қазақы әзілдің майталманы "Ең алғашқы" бағдарламасының жүргізушісі Аман Тасығанға қалай күріш ұрлағанын айтып берді.
 
Жас кезінде өнер майталманы екі рет заң бұзып, тергеу изоляторында 15 күннен отырып шыққан. 
"Бойда жастық жалын, қорқыныш деген жоқ» дейді театр және кино актері. «Ағам банкінің бастығы болды, біз ақша саттық. Мен біреуге қарыз болдым, анау маған қарыз болды. Сол кезде мен шатастым", - деген әртіс ақша жүрген жерде тазалықтың болмайтынына сенімді.