«Ұяламын дегені көңіл үшін…» немесе жастар неге жат қылыққа үйір болып барады?

«Ұяламын дегені көңіл үшін…» немесе жастар неге жат қылыққа үйір болып барады?

Астана қаласындағы түнгі клубтағы болған бейне-көрініс, «ар-ождан», «намыс», «тәрбие» деген ұғымдарды түсінетін кез келген адамды бей-жай қалдырмасы анық. Жуырда ғана тойда топырлаған адамның алдында еш ұялмастан жалаңаштана билеген қыз туралы видеоны осы ғаламтордан көрген едік. Енді, міне, денесін толықтай жалаңаштап бір топ ер азаматтың ортасында би билеп, «өнер»көрсеткен бойжеткен туралы бейне ғаламторды кезіп жүр.

Жастар – ел ертеңі дейміз. Алайда осындай жаға ұстатар базсыздықты көрген сайын олардың елдің ертеңі боларына күмән көбейе түседі екен. Хайуан екеш хайуан жасамайтын жатқылықтардың жеті атасын меңгерген бойжеткеннің, яки бозбаланың болашағы берекелі боларына сенесіз бе? Бүгінгі қыз – ертеңгі ана. Кейбір қарындастарымыздың сиқы осындай болса, болашағымызға балта шабылары даусыз-ау.
Өкініштісі, өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары теледидардан төрімізге дендеп енген «ойын-сауық өндірісі» деп аталатын саржағал идеология өз «жемісін» беріп жатыр. Күннен-күнге көше кезген келешек сорақылықтың сан түрін көрсетіп, арттағы іні-қарындасқа азғындаудың небір әдіс-тәсілдерін үйретіп жатыр-ақ. Видеодан байқағанымыз, бүгінгі жастар өздерінің осындай қылықтарына еш қымсынбайды және оны өмірдегі қалыпты жағдай деп санайтындай. Ұялы телефондағы «қоқыстың» сан түрін көрген жастар, уақыт өте келе өздері де бейпіл, санамызға, тәрбиемізге жат қылықтарды өмірде көрсете бастады.
Тәйт десе тиылатын қазақы тәрбие барған сайын архаимзге айналып, оның орнын теледидар, ал соңғы кезде ғаламтор «тәрбиесі» басқандай.
«…Тәлiмсiз өскен бозбала,
Өнерi шылым тартқаны.
Аталы сөздi бiлмейдi,
Алалай келер айтқаны.
Мұның бәрiн ойласаң,
Бағың қазақ қайтқаны…» депті кезінде Алаш ардақтысы Ғұмар Қараш. Одан бұрын хәкім Абай тәрбие туралы былай деген:
Ұяламын дегені көңіл үшін,
Ұсақ қулық бір ғана өмір үшін.
Татымды достық та жоқ, қастық та жоқ,
Жігері жоқ, маңызы жеңіл үшін.
Жалығу бар, шалқу бар, іш пысу бар,
Жаңа сүйгіш адамзат, көрсе қызар.
Ар мен ұят ойланбай, тән асырап,
Ертеңі жоқ, бүгінге болған құмар.
Туысқаның, достарың – бәрі екіұшты,
Сол себепті досыңнан дұшпан күшті.
Сүйсе жалған, сүймесе аянбаған,
Бұл не деген заманға ісім түсті?!
Өзің үлкен, қылығың – бала-шаға,
Балаша мәз боп жүрсің тамашаға.
Әкесі ұрысса балаға, ол да – достық,
Баласы ұрысса әкеге, жараса ма?
«Кез келген елді сырттан қирату мүмкін емес, елді іштен іріту арқылы жеңіске жетуге болады» деген батыстық ойшылдың айтқаны бар. Қазіргі әлемдегі үстем елдердің дамушы елдерге импорттап отырған идеологиясы – ойын-сауық өндірістік кешені (РПП – развлекательно-промышленный комплекс). Бұл – біздің қоғамымызға ақпараттық технологиялар арқылы сіңіп жатқан ең арзан идеология. Бұған 15-30 жас аралығындағы жастар ілінуде. Бұл біздің тұтастай болашағымызға жасалып жатқан ақпараттық шабуыл екені сөзсіз. Түнгі клубтағы бейне көрініс, сол арзан, арсыз идеологияның айқын көрінісі болмаса не дерсіз?!
Өткен ғасырда ғана аштықтан аман шыққан, соғыстан селдіреп қайтқан, тоталитарлық режимде тектілері таусылып, басынан сан мыңдаған нәубетті көрген қазақтың қазіргі ұрпағы – бүгінде осылай өз тағдырымен ойнаса, таяу болашақта көшпелі жұрттың жұрнағы – мінезден де, намыстан да, елдіктен де айырылып қалады-ау деген ой жүректі кескестейді. Өскелең ұрпаққа қалдырған бабалар аманаты бұл емес екені естіге аян. Жастарымызды жегідей жеген жат жұрттық «жұттан» құтылар жол бізге бар ма, бар болса қайсы? Міне, алдағы уақытта ел болып ойланар, толғанар мәселе осы болмақ! Бұған мәдениеттанушы, дінтанушы, саясаттанушы, тарихшы, жалпы қоғам, мемлекет жауап беруі тиіс. Әйтпесе, алда бізді шамамен мынадай өмірдің әлеуметтік портреті күтіп тұр деуге болады.
О тоба! Сұмдық-ай! О несі!? Мәссаған! Япыр-ай! Өмір-ай! Үйреншікті құбылыс… (Құдай сақтасын!)

kazgazeta.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста