«Ұялымен» түсірілген бейнетуындыға байқау жарияланды

«Ұялымен» түсірілген  бейнетуындыға байқау жарияланды

«Қазақстанның студенттер альянсы» мен KIWI.KZ бейнепорталы қалың жұртшылық арасында ұялы телефонмен түсірілген бейне­туындыларға байқау жариялады. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Туған елге – тырнақалды тартулар!» атты бейне­байқаудың мақсаты заманауи бағыт болып саналатын «мобильді бейне­туындымен» халықты етене таныстыру һәм сол арқылы қысқа метражды кинематография саласына жұртшылық арасында жүрген жаңа таланттарды тарту болып табылады.
Ерекше байқау 15 шілде мен 25 тамыз аралығында өтеді деп жоспарланған. Бұған қолындағы қалта телефонымен үнемі тосын ғана емес, жағымды жайт­тарды да жарқыратып түсіріп жүретін ұялы телефонның «кәсіби» режиссер­ле­рімен қоса, кез келген ынталы шығарма­шы­лық топ, жеке авторлар да қатыса ала­ды. Ең бастысы, туынды тек қалта теле­фо­ны­мен түсірілуі шарт. Сосын мұндай шағын ро­ликке бір адам түссе де, тіпті түсіру то­бын құрайтын бірнеше мүшесі бірге қа­тысса да, бола береді. Әйтсе де «ұялымен» тү­сірілген бейнеролик сапасы жағынан жо­ғары болып, «Туған елге – тырнақалды тар­ту!» деген тақырып аясын қамтыса бол­ғаны. Яғни аталған тақырып шеңберін­де кез келген мәселені Қазақстанның Тә­уел­сіз­дік жылдарындағы жетістіктерімен бай­­ла­ныстырып, шағын деректі фильм жа­­са­саңыз болғаны.
Жалпы, жобаны ұйымдастырушылар оның «халықтық журналистиканы» да­мы­туға да ықпалы бар екендігін алға тартады. Ра­сында да, ақпараттар шапшаң алмасып жа­татын біздің ғасырда мұндай мобильді үр­дістен еш жаңалық күтпеуге де бола­тындай. Қалада да, ауылда да бейне­ка­мерасы қондырылған ұялы телефонның түр-түрі бар. Ендеше, кез келген адамның бай­қауға қатысу мүмкіндігі де жоғары. Сондай-ақ шетелдерде ұялы бейнебаян әр­түрлі жағдайда кеңінен іске асатынын ескеруге болады. Мәселен, Қытайда қалта телефонымен түсірілген бейнероликтер ара­сында республикалық фестиваль ұйым­дастыру дәстүрі бар. Одан бөлек әлем­­дегі кез келген телекомпанияның қа­жет жағдайда оқыс оқиғаның куәгерлері қал­та телефоны арқылы түсірген бейне­туын­­дыны сатып алып, пайдаланатыны белгілі. Ал Қазақстанда тұңғыш рет ұйым­дас­тырылып отырған мұндай байқаудың көздегені басқа: жастар арасында елге, жерге, Тәуелсіздікке деген патриоттықты арттыра отырып, кино түсіруге әуес әрі оны кәсіби дең­гейде шебер меңгергісі келетін та­лан­т­тарды анықтау болып табылады. Ұйым­­дас­тырушылар қалың жұртшылық ара­­сы­нан жолданатын бейнебаяндарды 15 шілдеден бастап қабылдай бастайды. Халық арасына жол тартқан туындылар сүзгіден өткізіліп, KIWI.KZ бейнепор­та­лына орналастырылады. Сол жерден бұ­қаралық дауысқа салынады. Сосын қыр­күйектің 1-іне қарай қорытынды шы­ға­ры­лып, жеңімпаз атанған жекелеген авторлар мен шығармашылық түсіру топтары бағалы сыйлықтармен ма­рапатталады. «Алғаш рет ұйымдастырылған жоба сәтті жүзеге асса, одан кейін де түрлі та­қырыптарды қамтып, жал­ғас­тыр­мақшымыз», – дейді ұйымдастыру тобы.

Шыңғыс Бескемпіров, «Қазақстан студенттер альянсы» лидері:
– Биыл – Тәуелсіз еліміз үшін ерекше мерейлі жыл. Соған орай әсіресе жастар арасында Қазақстанның 20 жылдық жетістіктерін паш ететін туындыларды жұртшылыққа көрсете білсек деген ниетте едік. Қалта телефонымен түсірілетін бейнебаян ары кетсе 10 минутқа жалғасатын шығар. Бірақ мәселе онда емес, ең бастысы – Тәуелсіздіктің жетістіктерін көре, сезе білу. Сол арқылы жастарды патриоттыққа тәрбиелеу. Олардың талантын ашып, қоғамға таныстыру.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста