«Ұятсыз» бейнежазбаға түскен әнші лицензиясынан айрылды
Өзбекстандағы «Узбекнаво» эстрадалық мемлекеттік бірлестік өкілдері, Тамила есімді әншіні арнайы лицензиядан айыратындарын мәлімдеді. Бұған жұлдыздың интернетте «ұятсыз» бейнежазбасы таралуы себеп болған.
Шын аты Эсмеральда Рахматова болып табылатын Тамиланың қатысуымен түсірілген бейнежазбалар Telegram желісі арқылы таралып кеткен. Бірінші жазбада түрі көрінбей тұрған белгісіз ер адам, әншіден эстрадаға келем дегенше немен айналысқанын сұрайды. Ал әнші бұған жауап ретінде орынынан тұрып шалбарын шешеді. Ал екінші бейнежазбада жас әйел көшеде жалаңаш кетіп бара жатады.
Өзбек Бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің сұрағына жауап берген әнші, бірінші видеодағы өзі екенін растаған. Ал екінші бейнежазбаға айтуынша, оның қатысы жоқ екен.
Өзбекстан үкіметі жарық көрген бейнебаяндар, әндер және эстрадалық нөмірлерді қатаң қадағалайды. Сондай-ақ ел аумағында жұмыс атқаратын әртістер мен әншілердің де тәртібін бақылауда ұстайды. Әндерге бақылау жүргізетіндігі жөнінде үкімет өткен жылдың желтоқсан айында жария еткен болатын.
Өзбекстанда 2013 жылы қазан айында мақта жинау науқанына қатысудан бас тартқан эстрада әншісі Жасур Умиров жазаланған еді.
2013 жылдың шілде айында эстрадалық музыкалар мен бейнебаяндарды жариялайтын өзбек сайттары «Асал Чой» («Балды шай») атты бейнебаянды да алып тастаған болатын. Бұған себеп әншінің трансвестит образында ойнауы. Аталмыш клип Өзбекстан қауіпсіздік қызметінің тікелей бұйрығымен жойылған.
Источник: Stan.kz