«Ұйқыдағы» қаламды ояту керек

«Ұйқыдағы» қаламды ояту керек

Қой жылы күнгей қаламгерлерiнiң 80 кiтабы мемлекеттiк тапсырыспен тегiн жарық көрмек. Туындыларды Қазақстан Жазушылар одағы ОҚО филиалы жанынан құрылған ақсақалдар алқасы таразыға салып, оқылымдысын анықтайды. Бұл Бақытжан Алдияр төрағалық еткен облыстық филиалда «Оңтүстiк әдебиетiнiң бүгiнгi жай-күйi және алдағы мiндеттерi» туралы талқылаған «дөңгелек үстел» мәжiлiсiнде айтылған ақжолтай хабар. Жиынға Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, ақын Жанарбек Әшiмжан, Шымкент қаласы әкiмiнiң орынбасары Бахадыр Нарымбетов қатысты.
Әрине, ғаламдық дамуға iлесе көркем әдебиет те өркендеп келедi. Оқырманның деңгейi де көтерiлген. Сондықтан әр шығармашылық еңбектiң де өресi биiк, айтары мол болуы керек. Бұл үшiн филиал жанынан көркемдiк кеңес құру қажеттiлiгi сөз болды. Ал, ендiгi бiр мәселе, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелiгiне өткенiмен, алайда, қаламы «ұйықтап» жатқан азаматтардың одақтан шығарылатындығы хабарланды. Әдебиетшiл қауым бұл ұсынысты бiрауыздан құптады. Сондай-ақ, күн тәртiбiне енгiзiлген әдебиеттi қолдау қорын құру идеясы талқыға түстi. Қаламгерлер қорға қаржы жинақтау мақсатында өңiрдегi барлық мекеме басшылары мен қала-аудан әкiмдiктерiне ұйым атынан хат дайындау керек деген шешiмге келдi.
Әдеби жиында өңiр руханиятына үлес қосқан көзi тiрi қаламгерлердiң торқалы тойы мен бақилық болғандарды еске алу кешiн өткiзу туралы да айтылды. Осы ретте жазушы Әдiһам Шiлтерхановтың — 90, Мархабат Байғұттың — 70, Ханбибi Есенқарақызының — 65, Әбдiрахым Пратовтың 60 жылдық кештерiн ұйымдастыру туралы сөз болды. Тағы бiр қуантарлығы, облыс әкiмдiгiнiң көмегiмен қазақ поэзиясының арда ұлы, сұрапыл ақын, «детальды өлеңнiң басында тұрған» Тоқаш Бердияровтың 90 жылдығы мен белгiлi қаламгер Төлеген Тоқбергеновтiң 80 жылдығы да елдiк деңгейде атап өтiлмекшi. Күнi кеше арамыздан бақилыққа аттанған қаламгерлер Әбiлда Аймақ пен Ерсiн Қойбағаровтың жылдық асын абыроймен өткiзу жайы ортаға салынды. Жиында сөз алған белгiлi әдебиет сыншысы Құлбек Ергөбек бұл тiзiмдi толықтыра түстi. «Бiр өзi бiр университеттiң жұмысын атқарған Бейсенбай Кенжебаевтың тойын өткiзбесек елдiгiмiзге сын. Одан әрi қазақ балалар әдебиетiнiң көрнектi өкiлi Өтебай Тұрманжанов, балалар әдебиетiнiң үздiгi Нәсiредин Сералиев, Қарауылбек Қазиевтiң тойларын дүркiретiп өткiзген жөн» дедi әдебиет сыншысы.
Ауыл мен әдебиеттiң арасы алшақтап барады. Жазушылар қаладағы кездесулерден айналшықтап, ұзап шыға алмай жүр. Ендiгi мақсат — өңiр қаламгерлерiнiң аудан-қала, ауылдарда оқырмандармен кездесуiн өткiзу. Бұған жергiлiктi әкiмдiк пен «ОҚО әдебиеттi қолдау қоры» басшылық жасамақ. Аға буын мен жастардың арасын жақындастыратын рухани көпiр -- «әдеби талқылаулар». Филиал басшылығы облыс көлемiндегi барлық кiтапханалармен тығыз байланыс орната отырып, әдеби кеңестiң мүшелерiмен әр тоқсан сайын жарық көрген кiтаптарға талдау жасап отыруға әрекет ететiндiгiн жеткiздi.
«Кезiнде «Лениншiл жастың» жарты бетiне көркем дүниемiз жарық көрсе жарты жыл «масайып» жүретiнбiз. Бүгiнде жас iзденушiлер өлеңдерi «Егемен Қазақстанның» бiр бетiне шықса да селт етпейдi. Қауiптiсi, газет-журнал оқудан қалып барады» дейдi ақсақалдар. Сондықтан жас қаламгерлердiң еңбектерiн республикалық, облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап, таланттыларын насихаттау керек деп шешiлдi. Бұл ретте қарашаңырақ — «Оңтүстiк Қазақстан» мен қалалық «Шымкент келбетi» газеттерiнде жастар шығармашылығына арналған беттер ұйымдастыру, жергiлiктi телеарналарда арнайы бағдарламалар түсiру туралы айтылды. Сонымен қатар, Қазақстан Журналистер одағы ОҚО филиалы, ОҚО Бас редакторлар кеңесiмен және басқа да ұйымдармен бiрлесе отырып жыл көлемiнде түрлi рухани-танымдық шаралар өткiзiлмекшi.
Буындар сабақтастығын нығайта түсу үшiн жас қаламгерлердiң шығармаларын «Жас толқын» сериясымен мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде шығарып, филиал жанынан жастардың шығармашылығымен айналысатын әдеби бiрлестiк құру керек деген де ой айтылды. «Ұлысымның ұйытқысы — Оңтүстiк» iс-шарасын мүмкiндiгiнше қайта жалғастырып, оған республикадан есiмi елге таныс қаламгерлердi шақыру қажет.
Жиында «Сын мен шын» тақырыбында Құлбек Ергөбек, «Оңтүстiктiң өлең өрiмдерi» туралы Хамза Көктәндi, «Садықбек салған сара жол және бiз» хақында Мұхтар Шерiм, «Оңтүстiк жастарының әдеби әлемi» атты баяндамасымен Нұрғиса Төремұратов сөз алды. Шымкент қаласы әкiмiнiң орынбасары Бахадыр Нарымбетов шығармашыл қауымның абыройын дұрыс мақсатта пайдалану қажеттiгiн алға тартты. Онымен қоса жергiлiктi қаламгерлердiң жаңадан жарық көрiп жатқан кiтаптарын насихаттауға қала әкiмдiгi көмектесуге дайын екендiгiн жеткiздi. Биылғы жетiстiктерiмен бөлiскен ақын-жазушылар келер жылғы жұмыс жоспарларын да бекiтiп алды. Алдағы уақытта одақ жанынан жас қаламгерлердiң шығармашылығын таразыға салатын әдеби кеңес құрылатын болды. Ал, ақын-жазушылардың бұл бастамасына қолдау көрсетiп отырған билiк өкiлдерi қалам ұстаған қауымды қоян-қолтық жұмыс iстеуге шақырды. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста