Ұланғасыр Қамиев соққыға жығылуына қатысты мәлімдеме жасады
Кеше әлеуметтік желіде жас жігіттің соққыға жығылған видеосы тараған болатын. Көпшілік видеодағы азаматтың танымал әнші Ұланғасыр Қамиев екенін және оқиғаның Үшарал қаласында болғанын айтты. Жетісу облыстық полиция департаментінің түсініктемесінен кейін әнші осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
"Қазақ елі, қалайсыздар? Бүгін Алматыдан Арқалық қаласына тойға келдік. Өкінішке қарай, графиктің тығыз болуына байланысты, кеше қайда болғаным есімде жоқ. Жол ұзақ екен, осы жаққа келіп, желіні қоссақ, "Ұланғасыр Қами" деп шулап жатыр. Дос-жаран, туған-туыс, оқырмандардың бәрі "Хәлің қалай? Не болды" деп сұрап жатыр. Хәлім жақсы, шүкір. Ондай видеодағыдай қатты ештеңе болмады. Енді ондай видеоға сене беруге болмайтынына қазақтардың еті үйреніп қалған шығар. Ол жерде расы бар, өтірігі бар. Сондықтан бәрі жақсы, шүкір. Көріп тұрғандарыңыздай, Аллаға шүкір", - дейді Ұланғасыр Қамиев Instagram парақшасында.
Айта кетейік, кеше әлеуметтік желіде жас жігіттің соққыға жығылған сәті түсірілген видео пайда болды.
Көпшілік видеодағы соққыға жығылған жігіттің белгілі қазақстандық әнші екенін және оқиға Үшарал қаласында болғанын айтты.
Ал Жетісу облыстық полиция департаменті Алакөл аудандық полициясына бұл оқиға бойынша шағым түспегенін хабарлады.
Анықтау барысында тойдың халал өткені, бірақ өнерпаздың мерекелік шарада ішімдік ішкені расталды.
"Қазіргі уақытта құқық бұзушы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 440 бабы, яғни алкогольдік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйде келу дерегі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп атап өтті департаментте.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz