Ұлт аспаптары ұлықталды

Ұлт аспаптары ұлықталды

Қазақтың жаны – ән мен күй. Ал әнді әрлендіріп, күйді құбылта орындауда ұлтымыздың шынайы болмысымен біте қайнасқан ұлт аспаптарының орны бөлек. Тамыры тереңде жатқан ұлттық аспаптарымызды насихаттау соншалықты қолдау тауып жатпаса да, мәдениет саласының қызметкерлері өз қолдарынан келгендерін жасауға тырысып бағуда. Ақтөбе облысының Байғанин ауданында өткізілген «Ұлттық дәстүр ұлағаты» атты фестивальді осы мақсатта жасалған маңызды іс-шаралардың бірі деуге болады.
Ақтөбе облысының 80 жылдығына орай, Ұлы Жібек жолындағы «Көкжар» жәр­меңкесі халықпен қайта қауышса, жыл сайын аймақ әншілерінің басын қосып жүрген Ырғыз өңірінде «Аймақты әнмен тербетіп» фестивалінің шы­мылдығы 16-рет қайта түрілді. Қазақ өне­рінің үзілмес ұйытқысын сақтап жүрген Байғанин ауда­ны мұндай ша­радан қалыс қалмай, «Ұлт­тық дәстүр ұлағаты» атты аймақтық ән фес­тивалін өткізді.
Нәзира ТАБЫЛДИНОВА, облыстық мәдениет басқармасының бастығы:
– «Ел іші – өнер кеніші» екені рас. Үл­кен сахнада жүрген белгілі өнер иелерінің бәрі кезінде ауыл топырағында дүниеге келген. Аты Алашқа танымал есімдер осы Байғанин өлкесінде де баршылық. Ал елге танылмай, Алла берген таланты оттың басынан аспай қалған таланттар қаншама ауылда? Облыстың әр аймағында осындай мәдени шараларды өткізуді қолға алуы­мыздың басты себебі де – осында.

Әншінің бағын байқау ашады. Киелі сахнаға шыққанда ғана олар томағасын сыпырған қырандай өнер көгіне еркін қалықтайды. Ал бесік тербеткеннен басқа жерде ән айтудың ыңғайы жоқ ауыл өнер­паздары үшін мұндай фестивальде бақ сынау – зор мүмкіндік. Себебі кемі он шақты адамнан құралатын ұлт-аспаптар ансамблі мүшелерінің барлығы бірдей мәдениет саласының қызметкерлері емес. Ал ұлттық аспапты қолына алғанда өзі ғана емес, тыңдаушысын да ерекше күйге бөлеп жүрген өнерпаздардың осындайда бір жасап қалатыны анық.
Боранбай ЕШПАНОВ, «Өлке сазы» ансамблінің домбырашысы:
– Халықтық ансамбль деп аты айтып тұрғандай, оның мүшелері – қарапайым үй тұрмысындағы жандар. Осындай шара­лар өткізілетін кезде ғана басымызды қосып, қолымызға құдіреті күшті аспаптар­ды ұстап жатамыз. Ұлттық аспапта ойнау – біз үшін мақтаныш. Ал оны дәріптеп, келер ұрпаққа жеткізу – парыз. Қолдан келсе, бұрынғы ата-бабаларымыз сияқты дала кезіп, өлең айтып жүргіміз-ақ келеді. Бірақ қазір уақыт басқа. Жоқ аспаптарды сатып алу, өнерпаздарға киім тіктіру т.б. толып жатқан кедергілердің өзі аяққа тұсау болатын кездері бар. Бірақ «жоқ, жоқ» деп жылай бергенше, осындай ай­мақ­тық деңгейде болса да, барымызды базарлай білсек те, көштен қалмаған болар едік. Мәселен, бүгінгі шараға қатыс­қаны­мызға шын көңілден ризамыз.

«Өнерлінің өрісі кең» екендігін Атырау­дан ат арытып келген «Ақжелең» ансамблі мен ойылдық «Өлке сазы», байғаниндік «Жем-сағыз әуендері», Темір ауданының «Інжу-маржан» және Мұғал­жар мәдениет үйінің жанынан құрылған фольклорлық ансамбльдері тағы бір дәлелдеп берді.
«Ұлттық дәстүр ұлағаты» атты фоль­клорлық фестивальді ұйымдастырудағы мақсатымыз – өлкемізде ата-бабалар ама­натындай болған дәстүрлі әндерді наси­хаттай отырып, жас ұрпақты ұлттық құн­ды­лықта тәрбиелеу», – дейді аудандық мәдениет үйінің директоры Гүлжан Қонаева.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста