Ұлт мүддесінің үлкен жоқшысы еді

Ұлт мүддесінің үлкен жоқшысы еді

Аса көрнекті ғалым, академик Рахманқұл Бердібай 85 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясы, сыны – фольклортану, абайтану және түркология мәселелерін зерттеудегі ұлан-ғайыр еңбегі өз алдына, Рахманқұл Бердібай халқымыздың шын мәнісіндегі абыз ақсақалы, сәруар деңгейіндегі дара тұлғасы еді.

Рахманқұл Бердібай тек әдебиетші болып қана қойған жоқ, осы саладағы зерттеу еңбектерін, өткір ой-тұжырымдарын ұлт­тық мәселелермен тікелей байланысты­рып, қай кезде де үлкен қайраткерлік танытты. Марқұм Рымғали Нұрғалидың сөзі­мен айтқанда, «...мейлі мақала жазсын, кітап шығарсын, халық университеті жұ­мысына аралассын, аудиторияда, ғы­лы­ми мәжілісте, теледидарда, радио­да сөй­лесін, мәртебелі мекемелерге ұсы­ныс түсір­сін, ең ақыры дастарқан үс­тін­де кеңес құрсын, бәрібір түптеп келген­де, Рах­ман­құл Бердібайдың барлық қалам­гер­лік, әлеу­меттік әрекетінің алтын өзегі, құлақ­күйі біреу: ол – ұлт қамы, азаттық идеясы, ер­кіндік сарыны».
Еңбек жолын ауыл мектебіндегі қара­пайым мұғалімдіктен бастаған ол, ғы­лым-білімнің үлкен ордасы Алматыға ке­ліп, руханият майданындағы қызметін «Қазақ әдебиеті» газетінде жалғастырды. Бодан­дық бұғауындағы туған халқының асыл қазыналары аяққа тапталып жатқа­нына сол кездің өзінде-ақ жаны күйген Рах­ман­құл аға сонау 1956 жылы «Ең үлкен мәдени байлық» деген мақала жазып, қазақ тілі­нің мүсәпір халін жұртқа жайып салған, мұ­ның соңы, әрине, партия мүшелігінен шы­ға­рып, қудалауға ұласқан. Сонда да қайсарлық танытып, алған бетінен қайт­паған абзал азамат одан кейін де түрлі басылым беттерінде «Шығыс қазынасы, «Қазақ­ша энциклопедия қажет», «Бодан­дықтан – бостандыққа», «Әдебиет тарихын зерттеудің кейбір мәселелері» тәріз­ді басқа да мақалалар жариялап, қазақ әде­биеті мен мәдениетінің жоғын түген­деу­ден танбаған. Қазақ тілін дамыту, қазақ мектептерін көбейту, халық музыкасын өркендету, халық ауыз әдебиетін тәрбие құралына ай­налдыру, түркі халықтарының қарым-қаты­насын жандандыру мәселелеріне жұрт­шылық назарын ерекше аудартуының өзі ғалымның ежелден-ақ елдікті, егемен­дік­ті нығайту, ұлтының еңсесін тіктеп, іргесін бекіту мақсатына қызмет еткенін көр­сетері анық.   
Әуелде сыншы-публицист ретінде та­ныл­ған ғалым кейіннен М.Әуезов атын­да­ғы Әдебиет және өнер институтына қыз­метке ауысып, ғылыми жұмысқа біржола ден қояды. «Әдебиет және өмір», «Қазақ әдебиетіндегі замандас бейнесі», «Қазақ совет әдебиетінің қалыптасуы», «Қазақ эпосы», «Эпос – ел қазынасы», «Жыршылық дәстүр», «Айтыс әлемі», «Қазақ фоль­кло­ры­ның типологиясы», «Қазақ фоль­кло­рының тарихилығы», «Қазақ фоль­кло­ры­ның поэтикасы», «Қазақтың архаи­ка­лық фольклоры», «Фольклор және оның этно­графиялық негіздері» атты үл­кен ең­бек­тер жазады. Бірқатар зерттеуле­рінде Абай шығармаларының өзіндік қыр-сырларын кеңі­нен сөз етеді. «Абай және ауыз әде­бие­ті» атты еңбегінде ақынның Шығыс аңыз­дары негізінде жазған «Масғұт», «Ес­кендір», «Әзім» поэмаларының көр­кем­дік ерекшеліктеріне тоқталады. Абай шығармаларында халық мақал-мәтел­де­рі­нің, шешендік сөздерінің, аңыз-әңгі­мелерінің жиі кездесетіндігіне назар ауда­рады. Абай поэзиясының шығыс шайыр­ларының шығармаларымен байла­нысы жайлы бірсыпыра байламдар жасап, ұлы ақындардың шығармашылық ұқсас­тық­тары мен даралық тұстарын егжей-тегжейлі зерттейді.
Ғалымның әдебиеттану, фольклортану, түркітану және сын саласындағы ізде­ністері 42 кітап, мыңнан астам мақала тү­рінде жарыққа шықты. Сонымен бірге, ол М.Әуезовтің мұражай үйінде 35 жыл бойы қазақ әдебиеті мен өнері халық уни­верситетін басқарып, халқымыздың соң­ғы 1500-2000 жыл бойындағы тарихы мен мәдениеті тақырыбына дәрістер өт­кіз­ді. Сөйтіп, еліміздің ежелгі тарихын, мәдениетін жұртшылыққа қайта таныс­тыруға мұрындық болды. 
Ғылымның сан алуан саласында тер төк­кен академик педагогикалық-ағар­ту­шы­лық қызметтен де ешқашан қол үзген жоқ. Туған жері – қасиетті Түр­кіс­тан топырағына ат басын бұрған ол, 1995 жылдан күні кеше­ге дейін Ахмет Ясауи атындағы ха­лық­аралық қазақ-түрік университетінде ұс­таздық етті, ұлт әдебиеті үшін ерекше құн­ды талай ғылыми диссертациялардың жазылуына, қорғалуына ықпал етті.
Айрықша білімдар, ерекше ұлтжанды осындай ұлы тұлға жөнінде өткен шақта айтудың өзі қиын. Дегенмен «жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деген нақылға жұбанар болсақ, Рахманқұл Бердібайдың аты да, хаты да өлмесі – ақиқат. Асыл ағаның өзі кеткенімен, кейінгілерге аманат етіп қалдырған үлгі-өнегесі мәңгі өшпейді... 
«Алаш айнасы»

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста